+1 дауыс
19.2k көрілді
Қазақша деректер керек. Олар Канада да тұрадыма?

2 жауап

+1 дауыс


Гренландиялық эскимос



Ноатактағыэскимостар жанұясы, 1930

Эскимостар- (өзд. атауы – инпуит) – этникалық қауымдастық, АҚШ, Канада, Дания, Ресеймемлекеттерінің солт. аймақтарын мекендейтін халықтар тобы. Жалпы саны 112 мың адам (2005). Антропол. жағынан үлкен моңғол нәсілінің арктик. (эскимостық) тобына жатады. Бірнеше тілдік этномәдени қауымдастықтан тұрады. Оны ғалымдар инупик және юпик топтарына бөлген. 18 ғ-да бірқатар топтары христиандықты қабылдағанымен, ұзақ уақытқа дейін дәстүрлі наным-сенімдерін сақтап келді. Этнос ретінде бұдан 5 мың жыл бұрын Беринг т. маңында қалыптаса бастады да кейіннен солт. жағалаулар бойынша батыс пен шығысқа қарай таралды. Сан ғасырлар бойы Арктикадағыөмірге бейімделіп, теңіз кәсібімен айналысқан. Аң аулауға ұшы қайырылған гарпун, қайық (каяк) қолданады. Эскимостардың морж, кит, түлен, карибу-бұғысы, т.б. жануарларды ежелден-ақ аулап келді. Күмбез тәрізді баспаналары (иглу) қардан тұрғызылған. Тағамға ет, балық, теңіз омыртқасыздарын пайдаланады. 20 ғ-дағы күрделі үрдістерге сай Эскимостарөздері тұратын елдердің мәдениетін, тілін және тұрмысын қабылдап, ассимиляцияға ұшырай бастаған.
қазақтарға ұқсайды екен,түрлері
0 дауыс
Түрі монғолға ұқсас, суық жерлерде өмір сүретіндер, Ресейдің шығысында бар
...