+1 дауыс
3.9k көрілді
Крионика, Дьюар дегеніміз не? Крионика туралы қазақша ақпарат бар ма?

3 жауап

+1 дауыс
Крионика- деген грек тілінен аударғанда "қатыру, мұздату" деген мағынаны білдіреді... бұл дегенің адамдарды, жануарларды қатыру, кейін тірілтіп аламыз деген  оймен...
0 дауыс
Крионика - демі үзілгенімен де әлі суып үлгірмеген адамның (жануар) денесін, не оның дене мүшелерін мұздатып, сұйық азотта сақтаү технологиясы. Бұл технологияны қолдаушылар ғылымның даму мүмкіндігі адамды, не жануарды келешекте қайта тірілту әдіс-тәсілдеріне алып келетініне сенеді, үміт етеді.

Криоконсервация жасалатын денені дьюарға салып сақтайды. Дьюар дегеніміз - заттарды аса жоғары, не аса төменгі температурада ұстауға арналған сауыт түрі. Криосақтауға жіберілген дене сұйық азот толтырылған дьюарда сақталады. Ондағы температура -196 градус. Тек осы температурада ғана адам (жануар) денесіндегі молекулалардың еш өзгеріске ұшырамайтыны анықталған.
Крионика жасау аса күрделі бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен, мұздың көмегімен дененің температурасын 0 градусқа дейін түсіреді. Одан кейін арнайы түтікшелерді артерия мен венаға ендіріп, ондағы қанды шығарып алады. Қан орнын арнайы ерітіндімен толтырады.

Крионика жасаумен айналысатын компаниялардың Қазақстанда бар-жоғын білмеймін. АҚШ-та жақсы дамыған. Бірақ, қазақстандық денені АҚШ-та крионика жасату келісімі жоққа ұқсайды. Ресейде КриоРус атты крионика жасау компаниясы бар. ТМД көлемінде алғашқы ашылған компания.

Бұл компанияның крионика қызметін пайдалану ақысы келесідегідей: Миды криосақтау - 12 мың АҚШ доллары, бас пен денені криосақтау - 36 мың АҚШ доллары. Ит-мысық және т.б. жануар түрлері (дене тұрқының өлшеміне байланысты ) криосақтау - 12-15 мың АҚШ доллары аралығында.

Осы уақытқа дейін бұл компания 40 адам мен 15 жануарға крионика жасапты. Ал, сіз жасатар ма едіңіз?

Жәнібек Нұрыш
0 дауыс
Айдос пен акбопе бир адамсындар ма? неге бир бириннин сурактарына гана жауап бересиндер?
...