0 дауыс
2.9k көрілді
Жазушы, ақын, физик, химик, математик - бұлардың миынің салмағы ауыр бола ма?
Бір жерде оқығанмын орыс жазушысы Иван Сергеевич  Тургеневтің миының салмағы – 2012 г болыпты. Сіз қайсы атақты адамның миының салмағын білесіз? Білетіндеріңді жазып кетің. Мәлімет үшін керек.

6 жауап

–2 дауыс
 
Жақсы жауап
БІр шетінен салмағына, бір шетінен мидың қыртысына байланысты болады. Қыртысы неғұрлым көп болса, адам миының көп бөлігі соғұрлым көп жұмыс істейді. Жай адамдардың 1-2 пайызы, ғалымдардың миының 4-5 пайызы ғана жұмыс істейд.
–1 дауыс
Люсидің миы 100% істейді))))))
–1 дауыс
Мидың функциясын б.э.д.400 жылы мысырлықтар мен гректер зерттеген. Қазіргі таңда мидың маңыздылығын барлығы біледі, алайда ол туралы көп ештеңе біле бермейміз. Сондықтан сіздерге мына деректерді ұсынамыз:

1. Алдынғы мида ауырпалық рецепторлар болмайды, сондықтан ми ауырпалықты сезбейді.
2. Ми адам мүшесінің ең майлы жері, мүшенің 60% майын құрайды.
3. Жүктіліктің ерте кезеңінде нейрондар минутына 250000 жылдамдықпен дамиды.
4. Ақылдылық қызметіне жауап ретінде адамдар өмір бойы жаңа нейрондарды жасап шығарады.
5. Алкоголь нейрондардың арасын жалғайтын процесске кедергі жасайды
6. Биіктік адамға көптеген қызықты көруге мүмкіндік береді. Мысалы, Мұхаммедке (с.ғ.с) Хира тауында періште көрінеді. Осыған ұқсас жәйттерді альпинистер де мойындайды, бірақ бұл аңыз сияқты бірдеңе. Көптеген әсерлер миға оттегінің жетіспеушілігінен болады. 8000 фундттан жоғары көтерілген альпинистердің сөзіне сүйенсек, олар көрінбейтін серіктерді, өздерінен жарық шығатынын, тағы бір басқа денені көретінін айтады.
7. Дауыстап оқу, кішкентай баламен ұзақ сөйлесу мидың дамуына әсерін тигізеді.
8. Әр түрлі нейрондарға байланысты, ақпараттар әр түрлі беріледі. Барлық нейрондар бірдей емес. Денедегі нейрондардың типіне байланысты ақпараттар 0,5 м/сек ақырыны, жылдамы 120 м/сек болуы мүмкін.
9. Қуану, қорқу, бақыт, ұялу деген сезімдер адамға туа бітеді, тек тәрбие оны ары қарай қалай дамытатындығын көрсетеді.
10. Мидың сол жақ бөлігі оң жақ денені, мидың оң жақ бөлігі сол жақ денені басқарады.
11. Бес жасқа дейін екі тіл білген бала, мидың құрылысын өзгертіп, кейін оның миының сұр заты тығыз болады.
12. Ақпарат ақырын 0,5 м/сек немесе жылдам 120 м/сек өңделе алады. (шамамен 268 км/сағ)
13. Сергектік арқылы сіздің миыңыз 10-н 23 Вт энергия бөледі, бұл деген бір шамды қуаттандыруға тең
14. Мидың әр бөлігінің өз функциялары бар
15. Нью-Йорктегі миллион студенттерді түскі ас кезінде консервантсыз, бояғышсыз, хош иістендіргішсіз тамақпен тамақтандырғанда, олар зерттеуге қатыспаған студенттерге қарағанда IQ-н 14% жоғары нәтиже көрсетті.
16. Көп жылдар бойы ғалымдар құлақтағы шуды құлақтың механикалық функциясына байланысты деп ойлап келген, алайда ол мидың функциясына байланысты екен.
17. Әр кез сіздер жаңа ойды ойластырғанда, миыңызға жаңа іске қосасыз.
18. Хош иіс арқылы сақталатын естелік ең мықты эмоциялық байланыс болып табылады
19. Біз жыпылықтаған сайын, миымыз жұмыс істеп, заттарды жарық етіп ұстайды. Сол арқылы біз жыпылықтаған сайын әлем жарықтана түседі. (күніне, шамамен, 20 000 рет)
20. Күлкі оп-оңай шаруа емес, адам күлген кезде мидың бес бөлігі қозғалады.
21. Адамның ойына келетін ойлардың орташа саны 70 000
22. Неліктен ұйықтаймыз? Бірінші, физикалық, екінші психикалық. Кейбір зерттеулерге сүйенсек, ұйқы біздің қажет емес ойларымызды тазартады.
23. Гипоталамус, алдыңғы мидың бөлігі, термостат сияқты температураны реттейді. Гипоталамус сіздің денеңіздің қалыпты температурасы қанша болу керектігін біледі (98,6 Фаренгейт, 37 Цельсий бойынша). Егер денеңізге тым ыстық болса, гипоталамус оны терлеу арқылы көрсетеді. Егер сізге суық болса, ол діріл арқылы білдіреді. Терлеу және мұздау арқылы денетемператураны реттейді.
24. Күніне 85000 ми қабығының нейронары мида жоғалып кетеді. Қуанышқа орай, бұл білінбейтін залал.
25. Зияткерлік қабілеттілік кезінде мидың көлемі мен салмағы бірдей болмайды. Мысалы, Эйнштейннің миы 1230 грамм болған, тіпті адамның орташа миынан да жеңіл.
26. Тірі ми өте жұмсақ болып келеді, тіпті оны ас үйге арналған пышақпен де кесуге болады.
27. Мида 100 000 миль қан таситын қан тамырлар бар.
28. Лондонның барлық көшелерін білетін жүргізушілердің гиппокампі үлкен болады. Зерттеу көрсеткендей, ақпаратты көп жаттайтын адамдар миының бір бөлігі өсе бередіекен.
29. Ми оттегісіз 4-6 минут өмір сүре алады, содан кейін өле бастайды. Егер оттегі 10 минут жетіспеген жағдайда, мидың ауыр зақымдалуына әкеледі.
30. Біздің миымыз бізді жиі алдайды. Ол заттарды шындыққа сай емес, басқаша қабылдай алады.
0 дауыс
Ақылды болу мидың көлеміне байланысты емес.
–1 дауыс
Акылдылык адамнын санасына адамгершилигине байланысты
+2 дауыс

Адам миының салмағы қанша?

Ғалымдар осыдан 100 жыл бұрын адам­ның миының салмағына қарай оның ин­тел­лектуальдық таным биігі де жоғары болады деген тоқтамға келген болатын.

Жалпы адам миының орташа салмағы – 1400 грамды құрайды. Ал, кейбір ғұламалардың миы бұл көрсеткіштен әлдеқайда жоғары болып отыр. Мәселен, неміс математигі Гауестың миы­ның салмағы – 2400 грамды құ­раса, Кромвельдікі – 2300 грамм, Байрондыкі – 2228 грамм, Тургеневтің миы – 2012 грамм, Бисмарктың миы – 1965 грамм, Есениндікі – 1920 грамм, Шиллердікі – 1785 грамм, Бетховеннің миы – 1750 грамм, Канттың миы – 1600 грамм, Менделеевтің миы – 1571 грамм, Троцкийдікі – 1568 грамм, Станиславскийдің миының салмағы – 1505 грамм, Лениндікі небәрі – 1340 грамм болыпты.

Осыдан кейін адамның интеллектілігін мидың салмағының өлшемімен бағалау тәжірибесі күн тәртібінен алынып тасталыпты. Бұл тұжырымға бірінші болып американдықтар қарсы шыққан. Оған себеп болған, американың ұлттық данышпаны, ақын Уолт Уитменнің миының салмағы не­бәрі – 1256 грамм болыпты. Одан кейін француздар өздерінің атақты жазушысы Анатол Франц­тың миының салмағының 1017 грамм болғандығын алға тартып, оны қалайша ақылы аздау адам қатарына жатқызу керектігін айтып, дау туғызған.

Адам миын зерттеуші ғы­лым­ның теориясы бойынша ең ауыр салмақты – 2850 грамм мидың иесі ғалым емес, қара­пайым бір нақұрыс болғаны жо­ғарыдағы миға қатысты адам интеллектілігінің қалыптасуы жө­ніндегі ғылыми байламды жоққа шығарады.

Жалпы, жекелеген кейбір адамдардың миының өзге­лерден айырмашылығы бары анықталып отыр. Тіпті, әрбір құр­лықта тұратын адамдардың миы­ның салмақтарында да айыр­машылықтар бар. Мыса­лы, африкалық негрлердің миы­ның салмағы – 1316 грамм тұрса, еуропалықтардың миының орташа салмағы – 1361 грамм тұ­рады екен. Олардың ішінде: немістердікі – 1291 грамм, швейцариялықтардікі – 1327 грамм, орыстар мен украина­лықтардыкі – 1377 грамм болып шыққан.

Ал жер бетіндегі ең ақылды ұлт деп жүрген жапондардың миының салмағы – 1374 грамм болса, буряттардың миының сал­мағы – 1508 граммға жеткен. Осыған қарап отырып, өзіңіз бір байлам жасай беріңіз.

Кеңес өкіметі тарағанға дейін Мәскеуде құпия түрдегі адам миын зерттейтін институт жұмыс істеп келді. Бұл құпия мекеме 1920 жылы Сталиннің өкімімен ашылып, оған ұлы тұлғалар дү­ниеден өтісімен олардың милары өткізіліп тұрған. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бұл орталықта 300-ден астам адамның миы орналастырылған. Олардың ішінде Лениннің, Ми­чуриннің, Горькийдің, Сталиннің, Калининнің, Маяковскийдің, Лан­даудың милары сақталған. Күн көсемнің бас миының қыртысы өзге милармен салыстырғанда, ерекше қатпарлардан тұрған көрінеді. Мұндай милар әдетте есте сақтау қабілеттері мен шешендік дарыны бар адамдарда болады екен. Мәселен, Ленин өзінің мақалаларында өте көп сөзді, 136 мың  сөзді қолданғаны зерттеу амалдары  көрсетіп берген. Сол сияқты Лев Толстой «Соғыс және бейбітшілік» романында 16 мың, ал Ги де Мопассан 3,5 мың сөзді қолданғаны белгілі.

Жақында атақты физик Альберт Эйнштейннің миының қара­пайым адамдікінен өзгешелігі анықталды. Атақты физиктің желке тұсындағы ми қыртыстарының айрықша дамығаны белгілі болды. Зерттеу амалдары бойынша, ғұлама миының қатпарлар жасушасы жақсы дамыған. Оны көптеген ғалым ассоциациялық ойлау қабілеті мықтылығының көрінісі деп біледі. Данышпанның шүйде тұсында ерекше ойықтар мен «әуендік түйін» атты том­пақшалар қалыптасқан көрі­не­ді. Сондай-ақ, атақты физик миының қозғалтқыш қабығының құрылымы да шамадан тыс дамыған көрінеді. Бұл Эйнш­тейннің әуенге де қабілетті болғанын көрсетеді. Бұл болжамдар антропологтардың Эйнштейн миының 240 тұсын кесіп алып, микроскопиялық зерттеулер жүргізу арқылы анықталған.

Адам организмінде ми – ең басты міндет атқаратыны белгілі. Адам өлгенде де оның ең маңызды критерийі ретінде ми­дың қызметін тоқтатуымен саналады. Әйтсе де осы маңызды органсыз өмір сүрушілер бол­ғандығы анықталып отыр.

1888 жылы Нью-Йоркте те­ңіз матросының жарты шекесін кеме тросы жұлып әкетіп, мисыз қалғаны, оның одан кейін де 26 жыл өмір сүріп, аяқ-қолының жұмыс істемей қалуынан қайтыс болғандығы айтылған.

1935 жылы сол Нью-Йоркте тіпті басында 1 грамм миы жоқ сәби дүниеге келіп, 27 күннен кейін шетінеп кеткен. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Ғалымдар әлі күнге дейін мисыз бастың да, миы көп бастың да құпиясын аша алмай келеді.

жақсы жауап
Жоғарыда айтылған оқымыстылардың миын ашып кім өлшепті?
Соны айтшиш. ха ха.  Сонда акылдысынын миынын салмагы коп ба?
...