Актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін өтініш беруші уәкілетті орган

0 дауыс
354 қаралым
Актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға қандай құжаттар тапсыру керек?
• Санаты: Сақтандыру

1 жауап

0 дауыс

Сақтандыру нарығында актуарийлік қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша лицензия беру туралы өтінішті;
2) уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша лицензия алуға өтініш беруші туралы мәліметті;
3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
4) жоғары білімі туралы дипломның нотариат куәландырған көшірмесін;
5) лицензиялық алымды төлегенін растайтын құжаттың көшірмесін;
6) өтініш берушінің салық органына есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін;
7) өтініш беруші лицензия алу үшін уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасы бойынша оқытудан өткенін және тиісті емтихандарды сәтті тапсырғанын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін немесе уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінің талаптарына сәйкес «Актуарий» мамандығы бойынша іскерлік әкімшілік ету магистрі дипломының көшірмесін;
8) Қазақстан Республикасының резиденттері емес жеке тұлғалар үшін – тізбесі мен талаптарын уәкілетті орган белгілейтін актуарийдің мәртебесін және актуарийлердің халықаралық қауымдастықтарына мүшелігін растайтын құжаттардың көшірмелерін табыс етеді.

Ұқсас сұрақтар

127,753 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,778 қолданушы