Уәкілетті орган санкциялар ретінде қандай шараларды қолдана алады?

0 дауыс
1.0k қаралым
Уәкілетті орган санкциялар ретінде қандай шараларды қолдана алады?
• Санаты: Сақтандыру | 1.0k қаралым

1 жауап

0 дауыс

Уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен әкімшілік айыппұл салу; лицензияның қолданылуын тоқтата тұру; консервацияны енгізу; лицензиядан айыру; сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын оның акционерлерінен мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылдау және оларды Сақтандыру қызметі туралы Заңның 61-бабының талаптарына сәйкес жаңа инвесторға сату; осы Заңның 34-бабында аталған тұлғаларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттерін қолданыстағы заңнаманың талаптарына сай келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде бір мезгілде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерінің лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді кері қайтарып ала отырып, қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету шараларын қолдануға құқылы.

Ұқсас сұрақтар

127,939 сұрақ
322,826 жауап
153,169 пікір
72,940 қолданушы