0 дауыс
4.9k көрілді

өлең шумақтары мен мақал-мәтелдерді  оқып,есімшелерді табыңдар және олардың түбірі мен  қосымшаларын ажыратып талдаңдар

Үлгі:ашылғанда:түбірі-аш,-ыл-ырықсыз етіс жұрнағы,-ған-есімшенің жұрнағы,-да-жатыс септігінің жалғауы.
1.Түнгі Алматы тұманы ашылғанда,
Алатауға ай келіп асылғанда
Нұр жанады, аспанның жұлдыздары,
Алматының үстінешашылған ба?!

2.Ашынғанның тілі ащы

3.Көрген сайын «сіз» десіп,

 Сыйласқанға не жетсін?!

 Шашылғанды бірлесіп, 

Жинасқанға не жетсін?! 

4.Жаста оқыған оқуың 
тасқа жазғанмен бірдей,
қартайғанда оқыған оқуың
мұзға жазғанмен бірдей

5.Ерінген қалар ұятқа,
Ізденген жетер мұратқа 

6.Шақырғанға бар, 
   Шаққаннан қаш

1 жауап

0 дауыс

Түн-түбір, гі-зат есімнен сын есім жасаушы жұрнақ, Алматы-түбір, тұман-түбір, ы-тәу жалғауының ІІІ жағы, аш-түбір, ыл-ырықсыз етіс, ған-есімше жұрнағы, да-жатыс септігінің жалғауы, 
Алатау-түбір, ға-барыс септ. жалғауы, ай-түбір, кел-түбір, іп-көсемше, ас-түбір, ыл-ырықсыз етіс, ған-есімше жұрнағы, да-жатыс септігінің жалғауы, Нұр-түбір, жан-түбір, а-көсемше, ды-жіктік жалғауының ІІІ жағы, аспан-түбір, ның-ілік септігінің жалғауы, жұлдыз-түбір, дар-көптік жалғау, ы-тәу жалғауының ІІІ жағы, Алматы-түбір, ның-ілік септігінің жалғауы, үст-түбір, і-тәу жалғауының ІІІ жағы, не-барыс септ. жалғауы, шаш-түбір, ыл-ырықсыз етіс, ған-есімше жұрнағы.

Аш-түбір, ын-өздік етіс, ған-есімше жұрнағы, ның-ілік септігінің жалғауы, тіл-түбір, і-тәу жалғауының ІІІ жағы, ащы-түбір.

Шақыр-түбір, ған-есімше жұрнағы, ға-барыс септ. жалғауы, бар-түбір, Шақ-түбір, қан-есімше жұрнағы, нан-шығыс септ. жалғауы, қаш-түбір.

...