0 дауыс
23.8k көрілді

Адамгершілік туралы қысқа әңгімелер немесе бастан кешкен оқиғаларыңыз, я болмаса бір жағдаят тауып беріңіздерші, өтінемін ;)

3 жауап

0 дауыс
Сізге дәл қазір жағдайатым жоқ. Бірақ көмек беерйін. Өзін-өзі тану кітабын ашсаңыз өте көп жағдаяттар бар. Соларды мысал реткінде алып басқаша өзгертіп жазсаңыз болады.
0 дауыс

Тазалық. 
 Бір жігіт жолда кетіп бара жатып ойда жоқта   қомақты әмиан тауып алды.  Жан-жағына қараса ешкім көрінбейді. «Әмиан тауып алдым, кімдікі?» деп айқайлап үш рет айтқандай болды. Дегенмен өз даусын  басқалар түгілі өзі де естімеді.
      Былайырақ шығып алып әмианды ашып қараса ішінде бір машинаға жетерлік қаржы бар сияқты. Қуанғаннан не істерін білмей аңтарылып қалды. Ішінде бір жылылық пайда болып, бала шағасының былтырғы ескі ботинка мен киімдермен жүргені, жұбайының жөні түзу бір көйлегі жоғы, ал өзінің бес-алты жылдан бері бір жаңа киім алмағаны, өздерінің көптен бері тойып тамақ та жемегені есіне түсті . «Алла тағала менің көз жасымды көріп осы несібені жіберген шығар»- деген ой келіп, Жаратқанға рахмет айта бергені сол еді, ботадай боздаған, киімі жұпынылау  кісіні көрді. 
--Айналайын адамдар-ау, қайырымды жандар, балаларымның анасы айықпас дертке шалдығып, соны емдету үшін ағайындарыммен жаны жайсаң адамдар  ауыздарынан жырып берген қаржымды әмианымен қоса жоғалттым. Енді не істеймін? Жұбайыма қажетті операцияны қаржысыз қалай жасатамын? Жұбайым о дүниелік болып кетсе балаларымның күні не болады? Бұл азапты көрсеткенше   маған тезірек  өлім жібере қойшы тәңірім,--  деп  жылайды.
      Әмиан тауып алған жігіт ары ойланды, бері ойланды. Ақыры нәпсісін ұяты мен имандылығы жеңіп ботадай боздаған кісінің жанына қалай жетіп барғанын, әмианды ақшасымен қосып қалай бергенін өзі де байқамай қалды.
      Кенет үйлердің тасасынан топырлаған адамдар шыға келгенде әмиан тауып алған жігіт сасып қалды. Топтың ішінен салиқалы жігіт ағасы шығып әмиан тапқан жігітті қапсыра құшақтай алып: 
---Бауырым, саған үлкен рахмет, мені мынау тобырға күлкі қылмадың. Өмірде әлі де мейірімді, иманды жандар барын дәлелдедің. «Ондай жандар мына заманда жоқ, соңғы мокиган сияқты өткен ғасырларда ада болып кеткен. Егер ондай адамды тауып берер болсаң осы тұрған бәріміз жабылып саған он жылқы береміз. Ал таба алмасаң бар байлығыңды бізге бересің»- деп қоймаған соң  серттескен жайым бар еді. Мынау ботадай боздап жүрген адам осы қаладағы театрдың актеры. Өз ролін тамаща ойнап шықты-ау деймін. Мені жерге қаратпағаның үшін, әлемде әлі де иманды адамдар бар екенін дәлелдегенің үшін, тауып алған әмианыңды ақшасымен қоса саған бердім. Бұдан бөлек мына тобырдың менен жеңілгендері үшін беретін  он жылқысын  да саған бердім,--деді.
       Қызық көрмекші болып келген тобырдың еңселері түсіп кетіпті. Өздерінің арасынан әмиан тауып алған жігіттей адам шыққанына сенбейтін сияқты.
    --  Мынау қатыгез, дүрбелең, тек қара басының қамын ойлайтын, компьютер бас заманда әлі де тазалықтың бар екенін  дәлелдеген АДАМ деген атыңнан айналайын, әмиан тауып алған жігіт, ---деді салиқалы жігіт ағасы толқып тұрып.

+1 дауыс
Осыдан 4 айдай бұрын қаланың ішінде көлігімнің бензині таусылып тұрып қалдым. Мен тоқтаған жолдың арғы бетінде бір таксис тұр екен. Сонымен барып, бензин алып келдім. Берген ақшама қайтаратын майдасы болмай:"Бір жолы берерсің" деп, мен де:" Бір сәті түскенде берермін" деп жұмысыма кеттім. Арада 4 айдай уақыт өтіпті. Бүгін таңертең жұмысқа келе жатып әлгі таксисті көріп қалдым да, тоқтап: "Осыдай біраз бұрын..." деп бастай беріп ем: "300 теңге ма?" дейді. Есінде екен. "Айып етпеңіз ары-бері өткенде сізді кездестіре алмадым. Көкейде қап кетіп, мазамды ап тұрды" десем: "Кеше біреу осыдан 6 жыл бұрын алған 1000 теңгесін әкеліп берді" дейді жымиып. Бұрылып кетіп бара жатқанда қасындағы кісі: "Өмірде әлі жақсы адамдар бар" деді. Мен қуанып қалдым.Іштей "Мені жақсылардың қатарына қоса гөр, Раббым" дедім күбірлеп.
Көлігіме мінейіп деп тұрып: "Аға, адамдарға деген сенімді жоғалтып алмауымыз керек" дедім...
Абай Қалшабек.
...