0 дауыс
394 көрілді
Сәлеметсiздерме сайт қолданушылары! Маған көптен маза бермей жүрген бiр жағдай бар. Мен бiр қызбен араласып сөйлесiп, жүрiп жүрген жерiм бар. Ол қызды жалпылама айтқанда, қазақ емес және бұл жерде жалғыз ол. Жалғыз дегенiм ата-анасы Қазақстанда емес, өз мемлекетiн де. Мен өзiм Оңтүстiктен боламын, бiлесiздер Оңтүстiк басқа облыстарға қарағанда қыздың тегiне, намысқа және де салт-дәстүрге қатты қарайтын мекен. Мен ол қызды алуға отбасым көнбей тұр, көнбеудiң себебi, ол қызды алсам, қыз ұзату, құдалық, той құдаларсыз өтуiде мүмкiн. Дос бар, дұшпан бар, құда жегжаттардың алдында күлкi боларымыз анық (Қазақтың қызы табылмай қалдыма деген сөздер). Көрiп тұрғандарыңыздай Ары тартса арба сынады, Берi тартса өгiз өлетiн жағдай болып тұр. Осыған байланысты өмiрден алған тәжiрибеңiзге сүйенiп, әзiлсiз жауап берулерiңiздi сұраймын. Рахмет.

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Өз басым басқа ұлт өкілдерінің қыздарына үйленген жігіттерді көргенде "Қазақтың қызы табылмады ма екен " деп ойлаймын.Сіз жүретініңізді айтыпсыз, ата - ана, намыс, ел жұртты айтыпсыз, ал өзіңіз ше?Сіздікі махаббат па, әлде не?Сол қызбен өмір бойы берік, шыңырағы биік болатын  отбасы құра алатыныңызға сенімдісіз бе?Бірде, бір танысым (өзге ұлт өкілі) ештеңе білмеймін, мен қазақ жігітіне тұрмысқа шығамын деп айтқан,шынымды айтсам, басқа ұлт өкілдерінің қыздарына үйленген қазақ жігіттерін көрсем жаным ашиды. Әдетте, ондай некедегі отбасылар берік болмайды, әрине жалпыламаймын. Сізге әркім неше түрлі пікір, ақыл айтады, бірақ таңдауды бәрібір өзіңіз жасайсыз, сондықтан өзіңіздің жүрегіңізді тыңдаңыз дегеннен басқа айтарым жоқ.
0 дауыс
Tolkin94 өзiме келер болсам ақыл тоқтатқан жанмын. Отбасының да ақысы бар, аттап кете де алмаймын. Мен ғашықпын, махаббатта шек барма, басқа қызды ұната алуыма да сенiмдi емеспiн.
Әрине ата - ана баласына жамандық ойламайды, бірақ ата - ананың бақыты - баласының бақытты болуы, егер сіз сол адаммен ғана бақытты боламын десеңіз өз тандауыңызды жасаңыз, адам біреудің қалауымен, біреудің пікірімен өмір сүруге тиісті емес, өз өмір жолын әркім өзі салады, ата - ана басынды ренжігенмен уақыт өткесін қабылдайды, ал жұрт не десе о десін, жұрттың сізде шаруасы қанша, айтады айтады қояды, бұл сіздің өміріңіз!
...