+2 дауыс
5.2k көрілді
Салем достар. бир сурак. еңбек китапшасы жогалган жагдайда не стеу керек? восстановить ету керекпе миндетти турде? ким биледи? восстановить етпесе ол кандайда бир жерде сақталып турама?

5 жауап

+3 дауыс

Егер Сіздің қажетті еңбек кітапшаңыз жоғалған кезде немесе мекеме, оқу орны бұрыннан жабылған жағдайда не істей аламыз? Мұндай жағдайда деректерді беретін бірден-бір мекеме болып мемлекеттік мұрағат табылады.

Мұрағат қорларында революцияға дейінгі кезеңнен бастап бүгінгі күнге дейінгі аралықты қамтитын миллиондаған құжаттар сақталады (сонымен бірге жойылған кәсіпорындардың құжаттары), сондықтан 100% болмаса да ақпаратты табу мүмкіндігі жеткілікті түрде зор деп айтуға болады. Іздеу нәтижесін мұрағаттар мұрағаттық анықтама түрінде береді. Мұрағаттық анықтаманы алу қызметіне мемлекеттік мұрағатқа тапсырыс беру үшін төмендегі іс-шараларды орындау қажет:   
-  өзінің толық төлқұжаттық мәліметтерін ұсыну керек (жеке куәлігі немесе төлқұжаттың көшірмесін ұсынсын немесе мұрағаттың мекенжайына e-mail арқылы төлқұжаттың скан-көшірмесін жіберсін);
- сұранысқа қатысты құжаттар (еңбек кітапшасы, диплом) бар болған жағдайда олардың көшірмесін (ксерокс немесе скан-көшірмесін) ұсыну;
- толық және нақты қандай ақпаратты, кім туралы және қандай кезең үшін мұрағаттан алғыңыз келеді.
Біздің мұрағат - Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығына  және басқа да мұрағаттық мекемелерге сұрау салуға болатын тақырыптар: 
- еңбек өтілін растау, оның ішінде ауыр және зиянды жұмыс жағдайда; 
- оқу туралы;
- белгілі бір кезең үшін еңбек ақы туралы;
- кәсіпорындардың барлық қызмет кезеңі барысында атын өзгерту туралы;
- жергілікті атқару органдарының әр түрлі мәселелер бойынша қабылдаған шешімдері туралы,  атап айтқанда, жер телімдерін бөлу, тұрғын үй беру; 
- орден және медальмен марапаттау туралы; 
- азаматтық жағдай актілерінің жазбасын қалпына келтіру бойынша (ҚЗТҚО -1871-1937 жж. кезең ) және т.б.

[Мұрағаттық анықтаманы калай алуға болады?] Өтініш берушінің сұранымына арнайы нысанды жасалатын анықтама беріледі. Онда өтініш беруші растауды сұраған мәліметтері беріледі.
Мысалы, еңбек өтілін растайтын мұрағаттық анықтамаға мұрағат құжаттарында мәлімет бар ғана мерзім кіргізіледі. Сонымен қатар, азамат атқарған  лауазымның атауы (ол орындаған мамандық) және осы лауазым (мамандық) бойынша жұмыс істеген кезеңі нақты жазылады. Еңбек өтілін растайтын мұрағаттық анықтаманы жазуға кадр сұрақтары бойынша (жеке құрам бойынша) бұйрықтарды пайдаланады. Осындай бұйрықтар болмаған жағдайда негізгі қызмет бойынша бұйрықтар, дербес шоттар, еңбек ақысын есептеу ведомостары қолданылады.

Мұрағат құжаттары бойынша сұранысты орындау мерзімі тіркеген уақыттан бастап 15 күннен аспау керек. Кейбір жағдайларда және тек қана  мұрағат басшылығының рұқсатымен мерзімі ұзартылуы мүмкін, бірақ мерзімі 30 күннен аспауы керек. Бұл туралы міндетті түрде өтініш беруші ескертіледі. Мысалы, сұранысты орындау үшін берілген мәліметтер жеткіліксіз. 
Сұранысқа жауап беретін құжаттар мұрағат қорында болмауы мүмкін. Мұндай жағдайда сұралған құжаттар мұрағатта жоқ деген анықтама беріледі. Бұл анықтама еңбек өтілін растауға маңызды. Мұндай жағдайда сот органдары осы азаматпен бір жұмыс берушіде бірге қызмет істеген куәлардың түсініктері негізінде  еңбек кезеңін анықтайды.

Қазір Интернетте ҚЗТҚО сайты бар. Электронды пошта арқылы сұраныс жіберіп, Сіз оның жауабын сайттағы заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін тіркеу журналынан  таба аласыз. «ҚЗТҚО» КММ электронды мекенжайы: [email protected] 

 

Дерек көз http://cdni-arhiv.vko.gov.kz/kz/news.htm?id=000175

Немесе жаңадан еңбек кітапшасын сатып алып бұрыңғы жұмыс істеген жеріңізге барып толтыртқызып шықсаңызда болады... Ол жер жабылып қалған жағдайда архивтен ала аласыз ақпаратты.

Немесе жаңадан еңбек кітапшасын ашып өткізсеңізде болады..... бізде фирмада солай жасайды көбісі........

 

 

+2 дауыс
Қателеспесем жаңаcын аласыз да жұмыс істеген жерлеріңізге барып архивтен қаратып қайтадан жаздырып аласыз, осылай істеттім деп еді бір ағамыз)
+1 дауыс
восстановить етпесе не болады.
0 дауыс
Жанадан енбек китапшасын ашып алгаш жумысыска турған жерден бастап енбек китапшасына мор басып содан тагысын бастыртып алу керек.
0 дауыс
Жұмысқа кіргенде тапсырғанмын таппай қойды отделкадр
...