+2 дауыс
1.3k көрілді
Жаңа жылды 22 наурызда тойлаған жақсыма,әлде 31 желтоқсанда тойлаған жақсыма???
Сұрағының түрін..

7 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Жалпы 31 желтоқсанда адамдардын барлығы ерекше күтіп, дастархан жасап, жиналып, бір-біріне сыйлық жасап, от шашулар қойылып ерекше күтеді ғой. Мен соңғы 4-5жылда 12-ге дейін күтіп аса ерекшелікпен өткізген емеспін. Дегенмен дастархан жасап ар түрлі ас мәзірін дайындап, жақындарымды сыйлықсыз қалдырмаймын.
   Ал 22--наурызға келетін болсақ ол күнді ауылда өткізуге тырысамын. Себебі 22-наурыз қалаға қарағанда ауылда күшті өтеді. Сонымен айтпағым 31 желтоқсан Жаңа жыл емес біздікі 22 наурызда тойлаймыз десекте, жыл басы (мысалы 01-01-2012жыл деп) жанарады. Сондықтан екеуі де тойлаусыз қалмайды деп ойлаймын.
+2 дауыс
Екеуі де жақсы. 22 наурыз - қазақтардың Жаңа жылы. 31 желтоқсан - бүкіл әлем.....
Бастысы екі Жаңа жыл да қуаныш сыйлайды ғой.....
Логиныңызды айтасыз ба қиын болмаса???
Белгісіз
Қазақтардың жаңа жылы? Қазақтар қуа ма қайдағы 22-наурызды жаңа жыл деп тойлап, оның неге қатысы бар?
Оу, бауырым! Сен өзі қазақсың ба? Әлде аспаннан салбырап түстің бе?
+1 дауыс
Zamikosh ка келiсемiн оте дурыс айтып оттi... Екеуі де жақсы... 31 желтоқсанда жана жыл басы жанарады,ал 22 наурыз нагыз казактардын Жаңа жылы!!! Сондықтан екеуі де тойланады...
+1 дауыс
Бүгінгі адамдар: «Мерекелерде ешбір тыйым салынған нәрсе жоқ», немесе «Біз бұл мерекеге барғанда тыйым салынған барлық нәрседен тыйыламыз (арақ-шарап ішпейміз, тек қана дастарған жайып атап өтеміз)», – дейді. Пайғамбарымыз саллалаху алейхи уассалямның: «Кім қай халыққа ұқсағысы келсе, ол солардың бірі», – дегеніне сүйенсек, бұған қандай рұқсат болуы мүмкін? Немесе Алланың елшісі (с.а.с.) айтқан екен: «Сендер міндетті түрде өздеріңнен бұрын өткендердің (яхудий мен христиандардың) ізімен жүресіңдер, тіпті олар кесірткенің ініне кірсе де, сендер оларға ілесе кетесіңдер» дейді.

Егер Аллаһ тиым салған нәрседен тиыла алсақ, міндетті түрде одан абзалын береді. Алланың елшісі (с.а.с): «Аллаһ оларды сендер үшін олардан да абзал болған Құрбан және Рамазан айт күндерімен алмастырды». Аллаһ тек қана шындықты айтады. Бүкіл жаратылыстың Раббысы осы екі күнді ең абзал күндер деп атаған. Аллаға және оның пайғамбарына иман келтірген адам бұны қабылдайды да , қалғандарын тастайды.
+2 дауыс
Жаңа жыл деген сөз орыстың "Новый год"- деген сөзінің қазақша аудармасы. Ал Наурыз деген парсы сөзі,қазақша баламасы "Жаңа күн"-деп аударылады.Екеуі де жыл басы болғанымен мүлдем екі бөлек мерекелер,бір - біріне қатысы жоқ.Сондықтан да былықтырмай әр қайсысын өз орнымен тойлаған дұрыс деп ойлаймын.Мысалы менің туған күнім 1-қаңтар,ұлымның туған күні 20-ақпан.Екеуі де бір мереке туған күн,бірақ әр қайсысы өз күнімен тойланады емес пе,бұл да сол сияқты.
+1 дауыс
Бұл Григориан күнтізбесі әшейін-ақ. Мұсылманша жыл санау бойынша 1-Мұхаррам айының бірінші күні қарашаның 26-сы күні боп кетті. Менің Ойымша 31-желтоқсан да, 22-наурыз да әшейін. 31-і күні, мақұл, жыл басы, ал 22-наурыздың неге қатысы бар? Мәнсіз ғой мүлде.
0 дауыс
Нағыз қазақ мұндай сұрақ қоймас еді, ұлтымыздың жаңа жылы 22 наурыз.
...