Өмірде үш нәрсені тандаудан қателеспеу керек, соның бірі - мамандық, дегенмен алдағы үлкен бір мәселе ол - грант. Егер сен алтын белгі болсаң, немесе келесі жылы Алла жазып олимпиададан орын алып грант ұтып алатыныңа сенімді болсаң ештенеден қорықпай географияны таңда, себебі бұл сенің қалауың, бірақ егер олай болмаса, ата -анаңның сені оқытатындай жағдайы болмаса, ойлан биология да жаман емес, ең бастысы грантқа түсуге мүмкіндігің бар. Менің әпкем 2009 жылы мектеп бітірген 123 балл жинады қызыл аттестатқа бітірді, бірақ географиямен қалаған мамандығына түсе алмады. Әрине қазіргі жағдайды мен білмеймін, өзім бітірген жылы да (2011) географиядан жоғары балл қажет болған. Ойлан әлі уақытың бар!