+2 дауыс
468 көрілді
Егер Массагет сияқты жаңа қазақша ақпараттық портал жасап шығарсақ, тұрақты оқырманы болар ма едіңіз?

13 жауап

0 дауыс
Егер портал жаңа форматта және қызықты болса, болар едім. Әйтпесе, қазақша сайттардағы материалдар бір-бірінен көшіріліп алынғандай бірдей.
+1 дауыс
Дәл массагеттің көшірмесі болса, кірмеймін. Ерекше дизайн, бұрын-соңды болмаған қосымшалар болса, жазбалары өзінікі болса, ұялы телефонға ыңғайлы болса күнделікті кіріп тұруға, тұрақты оқырманы болуға тырысамын.
+1 дауыс
Жоқ болмас едім, бұрын соңды болмаған басқа салада болса ғана оқырманы болар едім ...
+1 дауыс
Контент оқуға тұрарлық сұранысқа ие болса, жиі жаңарып тұрса, өзіндік жаңашыл фишкасы болса адамдарды қызықтыратын, қолданушы, аудиториямен байланыс жақсы жолға қойылса, сайтты пайдалану ыңғайлы болса, технологиялық тұрғыдан да, логикалық пайдалануы тұрғысынан да, ол сайтқа мен кірмесем де, аудитория көптеп жиналатынына мен күмән келтірмеймін.
+1 дауыс
Бастысы ол жердегі жазбалар жедел жаңартылып тұрса, қазір ғаламтордағы толып жатқан "анау-мынауға" ұқсас емес, басқа сайттан көшірілмеген, аударылмаған болса неге кірмеске?
+1 дауыс
уникалды контент болса, анда-санда кірер едім. Жалпы бізде тар салалы сайттар жоқтың қасы
+1 дауыс
Қайдам. Массагетке жете алар ма екенсіңдер. Массагет сайты қаржыландырылады ғой кәдімгідей.
+1 дауыс
Жақсы сайт болса кіремін.Барымызша көмектесуге дайынмын.
+1 дауыс
Әрине болатын едiм.
0 дауыс
Қандай сайт болса да (егер мазмұнына қарай) қазақша болса мен ол үшін  барымды саламын. ҚазНеттің дамуына сәл де болса үлес қоссам деймін.
0 дауыс
портал жасалып жатырма?
0 дауыс
Иә, жасап жатырық қазіргі таңда, сонымен қатар: сайт жасауды басынан бастап, толығырақ үйрететін видеосабақтар түсіріп, ЮТУБтан канал ашамызба деген ойда жоқ емес.
0 дауыс
Жоқ, болмайтын едім.
...