"Металлоискательдеріңе" байланысты. Ол қолға арналған таяқша ма, әлде арка ма? Арка тәріздес темір іздегіш тез табады, ал кіре берісте қолындағы таяқша тәріздес "металлоискатель" онша таба алмайды-ау деймін.
Оны сендерге жақындағанда айтады. Неше түрлі әдістерін үйретеді. Темірді табылмайтындай ету үшін фольгаға орап бардым, таппады. Және қолмен ұстап тексергенде байқамайтындай етіп, ыңғайлы әрі қатты, байқалмайтын жерге сал. Және тапқан жағдайда "шпор емес, мынау" ғой деп көрсете салатын басқа бірдеңе салып қой соның жанына. Мысалға жиегіңе тықсаң, "мынау түйме ғой" деп кете беретіндей етіп.
Менің қолымдағы сағатты тауып алғанда "қай жерімде тұр, тауып алыңдар" деп ұрыссып кіріп кеткенмін. Шамалы "шустрить" етіп жіберсең ешкім сені өлтірмейді. Асығыстық үстінде назар аудара да қоймайтын кез болады.
Бұл сағаттың құрамында темір жоқ дейді негізі, ол белгісіз. 7 000 - 15 000 аралығында тұру керек сапасына қарай. Алып кіре алсаң пайдасы болуы мүмкін. Тек алып кіре алсаң болғаны.