2.Конституциялық-құқықтық нормалар мемлекеттік органдар арқылы қабылданады. Олар, басқа да заңдық нормалар сияқты екі түрлі: реттеуші және құқық қорғаушылық қызметтерін атқарады. Осыған сәйкес реттеуші және құқық қорғаушылық нормаларына бөлінеді.
Реттеуші нормалар
Реттеуші нормалар—құқықтық қатынасқа түсушілерге құқық беру және міндеттер жүктеу арқылы мемлекет пен қоғамға пайдалы мінез-құлықты белгілейді. Мұндай нормалар Конституцияның II тарауында адам және азаматтарға құқықтар мен еркіндіктер беру, міндеттер белгілеу арқылы көрінеді.
Құқық қорғаушылық нормалары
Құқық қорғаушылық нормалары — мұндай нормалардың талаптары бұзылған жағдайда мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілеу қарастырылған. Парламент депутаттары Республика Президентіне Қазақстан Республикасы заңдарын орындамағаны үшін Үкімет мүшесін кызметтен босату туралы өтініш жасай (ұсыныс беру) алады. Сонымен қатар конституциялық-құқықтық нормалар өкілеттік беруші, тыйым салушы, міндеттеуші нормаларға бөлінеді.
Өкілеттік беруші, тыйым салушы,міндеттеуші нормалар[өңдеу]
Өкілеттік беруші нормалар мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктерге, азаматтарға қандай да бір іс-әрекет жасауға құқық береді. Тыйым салушы нормалар кандай да бір әрекетті жасауға тыйым салады. Міндеттеуші нормалар азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге, мемлекеттік органдарға белгілі бір әрекетті жүзеге асыруды міндеттейді. Конституция Қазақстан Республикасынын азаматтарына мемлекеттік органдарға сайлауға, сайлануға құқық береді. Конституция Республика Президентінедепутат болуға тыйым салады. Парламент депутаты бір мезгілде екі палатаның мүшесі бола алмайды. Біздің елімізде цензураға тыйым салынған. Қазақстан Республикасын қорғау оның барлық азаматтарының қасиетті борышы мен міндеті болып табылады. Парламент депутаты оның жұмысына қатысуға міндетті. Сонымен, конституциялық құқық, құқық жүйесінің жетекші саласы болып табылады. Конституциялық құқық арқылы реттелетін қоғамдық қатынастар қоғам мен мемлекеттің негізгі құрылымын, адам және азамат құқықтары мен міндеттері жүйесін, мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәртібін айқындайды. Конституция — ең жоғары заң, мемлекеттің ең басты нормативті құқықтық актісі, конституциялық құқықтың негізгі қайнар көзі. Конституциялық-құқықтық нормалардың жоғары заңдық күші бар. Конституцияға кайшы келетін құқықтық актілердің зандық күші болмайды және оның күші сөзсіз жойылады.
3.
Адам құқығы Адам және азамат құқығын қарастыру алдында "адам", "жеке адам", "азамат" санаттарының арақатынасын білу маңызды. "Адам" ұғымы табиғи тұрпатта сипатталады, яғни арнайы физиологиялық қасиеттерді бойына сіңірген тіршілік әлемінің өкілі ретінде. "Жеке адам" ұғымы адамды әлеуметтік тұрғыда сипаттайды, яғни қоғамда өзінің рөлі мен орнын және оның алдындағы жауапкершілігін сезінуі (мүмкін болған жағдайлар, егерде адам әр түрлі объективті және субъективті себептерге байланысты жеке адам бойында болатын касиеттерді иемденбесе, мысалы, психикалық аурудың салдарынан сот оны әрекет қабілеттілігі жоқ деп таныса). "Азамат" ұғымы адамды заңды тұрғыда сипаттайды, яғни адамның нақты бір мемлекетпен тұрақты құқықтық байланыстылығын қарастырады. Адам құқығы — адамның муддесін қанағаттандыруга бағытталган, заңмен қоргалатын демократиялық құндылық. Адам құқығына мынадай белгілер тән:
олар қоғамда өмір жағдайының үнемі өзгеріп отыруына байланысты, адамның табиғи және әлеуметтік мәнділігі негізінде туындайды және дамиды;
объктивті түрде қалыптасады және мемлекеттің мойындауына тәуелді емес;
туғанынан беріледі;
табиғи (су, жер, ауа, т.б. сияқты) қажеттілік болып табылады, ажыратылмас сипатта болады;
тікелей әрекетті болып табылады;
ең жоғары әлеуметтік құндылық болып танылады;
құқықтың кажетті бөлігі ретінде адамның өмір сүруінің нақты бір түрпатын білдіреді;
жеке адамның өз калауынша әрекет жасауына мүмкіндік жасайтын, сейтіп нақты бір игіліктер алуын қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекеттің арасындағы қарым-қатынастарды тұжырымдайтын кағидаттар мен нормаларды білдіреді;
оларды мойындау, сақтау және корғау — мемлекеттің міндеті.
Адамның өмір сүруі мен лайықты өмір кешу құқығын жүзеге асыру үшін оның дүниеге келуі ғана жеткілікті. Ал басқаша құқықтарын жүзеге асыру үшін адамда азамат, жеке адам қасиеттері болуы шарт. Адамның құқы мен бостандығы табиғи және ажыратылмас болып табылады, туғаннан бастап беріледі жөне жоғары құндылық болып табылады. Мемлекеттің міндеті — адам құқықтарын сақтау, қорғау және мойындау. Мемлекет өзінің азаматтарына жеке адамның қажеттілігіне сәйкес келетін құқық пен бостандықтарды (өмірінің қауіпсіздігі, адамның бостандығы мен ар ожданы, өзінің жеке ерекшелігін сақтау және дамыту) қамтамасыз етуге міндетті.
Адам құқығы мен азамат құқығының арасында ерекшеліктер
Адам құқығы мен азамат құқығының арасында ерекшеліктер бар. Біріншіден, адам құқығы мемлекеттік мойындаудан және заңдық бекітулерден оның кандай да бір мемлекетке қатынасына қарамай тәуелсіз өмір сүреді. Азаматтың құқығы өмір сүріп жаткан мемлекеттің қорғалуында болады. Екіншіден — әлемде көптеген адамдардың азаматтық мәртебесі (азаматтығы жоқ тұлғалар) жок, яғни олар формалді түрде адам құқығының иегері болып табылады, бірақ азаматтық құқығы жок.
Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың конституциялық-құқықтық мәртебесі
Конституциялық-құқықтық мәртебе—Конституциямен өзге де конституциялық-құқықтық нормаларда бекітілген, мемлекет таныған және кепілдікке алған, адам және азаматтың негізгі құқықтары, бостандықтары, зандық мүдделері мен міндеттерінің жиынтығы. Конституциялық мәртебе құрылымына мынадай бөліктер кіреді:
негізгі құқық, бостандықтар, заңды мүдделер мен міндеттер;
азаматтық;
құкық мәртебесінің кепілдіктері.
Мәртебе (статус) деген сөз латын тілінен аударғанда ахуал, жағдай деген мағынаны білдіреді.
Құқықтық мәртебенін түрлері
Құқықтық мәртебенін түрлері: а) азаматтардың жалпы немесе конституциялық мәртебесі; ә) азаматтардын кейбір санаттарына арнайы және туғанынан берілетін мәртебесі; б) жеке адам мәртебесі; в) жеке және заңды тұлғалардың мәртебесі; г) шетелдіктердің, азаматтығы жоктардың, босқындардың мәртебесі; ғ) шет елдерде жүрген Қазақстан азаматтарының мәртебесі; д) салалық мәртебелер: азаматтық-құқықтық, әкімшілік-құқыктық және т.б. е) кәсіби және лауазымдық мәртебе (депутат,министр, судья, прокурор мәртебесі); ж) әр түрлі шүғыл жағдайларда және еліміздің арнайы аймактарында жұмыс істейтін тұлғалардың мәртебесі.