+1 дауыс
1.0k көрілді
Жаңалықтарда бір есітіп қалғаным бар еді.  Таулы Қарабақ елі  дегенін.  Ұят болғанда білмейді екенмін, ол қай жақта еді?

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Азербайжан мен Арменияның шекарасында орналасқан аймақ. Шекаралық тұрғыда Азербайжанға тиесілі бірақ этникалық армяндар тұрады. КСРО кезінде Азербайжанға тиесілі болған ж/е ешқандай жанжал болдыртпаған. 88-ші жылдары КСРО шайқала бастағанда Армения мен Азербайжан арасында соғыс басталады. 94 жылы басқа елдер бітімге шақырғанша 30000-дай адам қаза тапқан. 800мыңдай адам босып кеткен. Соның нәтижесінде сол жердің армяндары өздерін Таулы Қарабақ республикасы деп атап бөлініп шықты. Бірақ халықаралық деңгейде әлі ел ретінде мойындалған жоқ. Аумағы 4400км2 шағын аймақ. Қазір Азербайжан мен Армения арасында сол Таулы Қарабақ үшін әлі ұрыс болып тұрады. Толық бітімге келген жоқ.

+1 дауыс
Әзербайжан                                                                        .
+1 дауыс
Азербайжан Республикасының ауданы, шығыс бөлігі автономия
+1 дауыс
Қарабақ (толық ресми атауы Таулы-Қарабақ Республикасы, басқаша ресми атауы Арцах Республикасы) – мойындалмаған мемлекет. Жартылай мойындалған елдер ғана Қарабақты мойындады: Абхазия, Оңтүстік Оссетия және Транснистрия. Өз тәуелсіздігін 2  қыркүйек 1991 жылы жариялаған.
Қарабақ – мойындалмаған мемлекет болса да, шетелде өзінің өкілдіктері бар ел.
*. Алмания
*. Потсдам– тұрақты өкілдік
*. Америка Құрама Штаттары
*. Вашингтон– өкілдік, 1997  жылдың қарашасынан бастап
*. Армения
*. Ереван– тұрақты өкілдік
*. Аустралия
*. Сидней– тұрақты өкілдік
*. Ливан
*. Бейрут– бүкіл Таяу Шығыстағы тұрақты өкілдік
*. Ресей
*. Мәскеу– тұрақты өкілдік
*. Франция
*. Париж– тұрақты өкілдік
Білерім осы ғана екен.
0 дауыс
Таулы Карабах автономиясы Азербайжандағы этникалық армяндар тұратын аймақ.
0 дауыс
Ол Әзірбайжандағы автономды мемлекет. Ұлты армиармяндар тұрады. Әзірбайжан Қазақстанмен Каспий теңізі арқылы шектеседі.

Ұқсас сұрақтар

...