2015 жылы қандай киімдер сәнде болады?

0 дауыс
1.9k қаралым
2015 жылы қандай киімдер сәнде болады?
• Санаты: Жалпы сұрақ

7 жауап

0 дауыс
Жақсы жауап
Күз-қыс 2014-2015: сәнді түстер, реңктер мен принттер.

image

Жаңа маусым қарсаңында біз сіздерге күз-қыс 2014-2015-тің ең өзекті түстері мен принттерін топтастырдық. Бұл маусымда бірнеше сәнді қайтып оралулар күтіп тұр. Бұл реңктердің сайран құруы әлі де жалғаса бермек...

Маусымның ең сәнді түстері

Күз-қыс маусымының түстер палитрасы көздің жауын алады. Әдеттегідей күзгі орман реңкі әлі де өзекті. Дизайнерлер екпінді күзгі жапырақтың күрең түстеріне – қанық жасылдан бастап, сары-қоңыр, қызғылт сары және шымқай қызыл түстерге қояды.

image

image

Градиент реңктер

Маусымның басты тренді – түске сайма-сай түсті үйлестіру. Градиент реңктердің үйлесуін қамтамасыз етіңіз. Мысалы, бір топтамада сары, құм түстес және қоңыр немесе сарғыш түстердің үйлесімі әсерлі көрінеді.

image

Ең сәнді түс – жасыл

Бұл маусымда дизайнерлер негізгі екпінді бөтелке түстес жасылдан бастап қою қанық көк-жасыл түске дейін – жасылдың барлық реңктеріне қояды. Бұл сәнді түсті Marc by Marc Jacobs, Valentino, Hermes, Isabel Marant, Just Cavalli топтамаларынан кездестіруге болады.

image

image

Бекзат күлгін

Жасыл түске бекзат күлгіннің барлық реңктері бәсеке бола алады. Бұл палитраның табынушыларының бірі – дизайнер Anna Sui.

image

Неон тағы да сәнде

Ерекшелікті қалайтын сәнқойлар үшін дизайнерлер неон түске назар аударуды ұсынады. Неонның осы маусымда сәнде екеніне Christian Dior-дың топтамасы дәлел.

image

Нәзік пастель түстер

Қанық түстердің басымдығына қарамастан дизайнерлер нәзік пастель реңктерінен бас тартпайды. Шабдалы түстес, ақшыл көк, жалбызды және алқызыл реңктер қыс маусымында өз орнын табуда. Желпілдек шифон мен жібектің орнына жайлы кашемир мен бекзат жүн маталар келді. Шабыт кілтін Jil Sander, Tod's, Chloe, Ralph Lauren топтамаларынан іздейміз.

image

Қызыл, қара, ақ

Қара-ақ классиканың орнына қызыл мен қараның үйлесімі орын алды. Бұл үйлесімге біз былтыр күз-қыс маусымында баға беріп үлгергенбіз. Бұл жолы Carven, Kenzo, Valentino сән үйлері осы үйлесімге тағы бір рет ден қойған екен.

image

Күз-қыс маусымында сонымен қатар ақтың барлық реңктері сәнде болады.

image

Леопард принті – маусым хиті

Таза реңктердің басымдығына қарамастан, принттер де сән тұғырынан кетер емес. Жыртқыш леопард принтіне жаңбыр да, қар да қорқынышты емес. Бастан-аяқ леопардқа оранасыз ба, әлде аксессуарлар арқылы екпін қоясыз ба – бұл өз еркіңізде. Бұл трендке назар аударғандар қатарында – Gucci, Balmain, Chloe, Salvattore Ferragamo және тағы басқалар бар.

image
0 дауыс
Менiң ойымша Adidas киiмдерi сәндi болады.
0 дауыс
Жігіттерге adidas, nike ))
0 дауыс
Мына сураеттегілер менің ойымша ешқайсысыда  2015те мода болмайды.
0 дауыс
октябрьде бір той барда соган кандай түсті көйлек алсам болады
0 дауыс
Қара жейде, Қызыл костюм, Қара шалбар!
0 дауыс
Қазір сәнде миди-белдемшелер! Миниді ығыстырғанына риза болдым)
127,938 сұрақ
322,810 жауап
153,160 пікір
72,926 қолданушы