Әлеуметтік жарнама – қоғамдық құндылықтарды насихаттайды, халықтың қорғансыз бөлігінің (балалардың, егде кісілердің, мүгедектердің) мүдделерін жақтап, қорғайды, тіршілікті қамтамасыз етуге бағытталған жалпы қоғамдық мүдделерді (қоршаған ортаны, жан-жануарларды қорғау) көздейді.
Әлеуметтік жарнама – қоғамдық мінез-құлықты өзгертуге және социумның мәселелеріне көңіл аударуға бағытталған коммерциялық емес жарнаманың түрі.
Әлеуметтік жарнама – әлеуметтік өнімнің бір түрі (АҚШ мен Еуропада дәстүрлі түрде PSA – public service announcement термині қолданылады), мемлекеттік және саяси жарнамалардан елеулі айырмашылықтар бар.
Мұндай жарнама түріне тапсырыс берушілер ретінде мемлекеттік органдарды немесе коммерциялық емес ұйымдарды атауға болады, ал жарнама агенттіктері мен таратушылары тапсырыстарды орындап, оларды көбінесе арзан бағамен немесе тегін түрде орналастырады.
Осындай жарнамалардың ең танымал мысалдары ретінде нашақорлыққа қарсы күрес, жол жүру ережелерін сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау, қоршаған ортаны қорғау бойынша және т.б. науқандарды айтуға болады.