ҚР-сында мүгедектiгi бойынша жәрдемақыларды тағайындау тәртібі "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы" Заңымен (бұдан әрі –Заң) реттеледі.
Еңбекке қабiлетiн жоғалту дәрежесiне қарай мүгедектiк үш топқа бөлiнедi.
Мүгедектiктiң себептерiн, топтарын, еңбекке қабiлетiн жоғалту дәрежесiн, сондай-ақ мүгедек болған уақытты жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган анықтайды.
Мүгедектiктi куәландыру, оның себептерiн, топтарын және еңбекке қабiлетiн жоғалту дәрежесiн анықтау ережесiн Қазақстан Pecпубликасының заңнамасына сәйкес, денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша орталық атқарушы орган әзiрлейдi.
Мүгедектiгi бойынша жәрдемақылар мүгедектiкке душар болған жағдайда жәрдемақыға өтiнiш жасалған уақытта жұмыстың тоқтатылғанына немесе жалғасуына қарамастан тағайындалады.
Мүгедектiк тобы өзгерген жағдайда жаңа мөлшерде жәрдемақы төлеу мүгедектiк тобы өзгерген күннен бастап жүзеге асырылады. Қайта куәландырылушы еңбекке қабiлеттi деп танылған жағдайда жәрдемақы еңбекке қабiлеттi деп танылған күнге дейiн төленедi. Егер мүгедек адам қайта куәландыруға ол үшiн тағайындалған мерзiмде жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға келмесе, оған жәрдемақы төлеу тоқтатыла тұрады, ал ол мүгедек деп қайта танылған жағдайда тоқтатылған күннен бастап, бiрақ бiр айдан аспайтын мерзiм үшiн қайта басталады.
Мүгедек адамға зейнетақы тағайындалған кезде мүгедектiгi бойынша жәрдемақы төлеу тоқтатылады немесе осы Заңның 12-бабының 5-тармағына сәйкес Орталық (бұдан әрі - ЗТМО) пен жинақтаушы зейнетақы қорларынан алатын зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi ескерiле отырып қайта қаралады және де мұндағы зейнетақы төлемдерiн алуға құқық беретiн жасқа жеткен мүгедек адамдарды қайта куәландыру олардың өтiнiшi бойыншағана жүргiзiледi.
Егер Орталықтан және жинақтаушы зейнетақы қорларынан берiлетiн жиынтық зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi мүгедектердiң тиiстi санаттары үшiн белгiленген мүгедектiгi бойынша айлық жәрдемақы мөлшерiнен кем болса, жәрдемақы төлеу зейнетақы төлемдерiне мүгедектердiң сол санаты үшiн белгiленген жәрдемақы мөлшерiне дейiн жеткiзiлген тиiстi қосымша төлемдер түрiнде жүргiзiледi.
Мүгедектiгi бойынша жәрдемақының мөлшерi келсек, бүгінгі таңда биылғы жылдың республикалық бюджет туралы Заңда белгіленген екiншi топтағы мүгедектерге мүгедектiгi бойынша айлық жәрдемақы 1,06 ең төменгі күнкөріс мөлшерінен анықталады немесе 18 486 теңгені құрайды.
Толық ақпаратты тұрғылықты жеріңіздегі әлеуметтік қорғау органдарына барып алуыңызға болады.