0 дауыс
4.7k көрілді
"Жасөспірім қыз қандай болуы керек?"  деген сұраққа ойымды нақты жинақтай  алмай жатырмын. Қыз бала  жалпы, өзін қалай ұстау керектігі жайында өз пікірлеріңізді қоссаңыздар...
Абай жолы романындағы Тоғжан сияқты болу керек. :)

5 жауап

0 дауыс
Ең алдымен "Қыз бала өз үйінде қонақ " деп бастайын. Сондықтан да қыз баланы тәрбиелеуге ата -ана ерекше ілтипатпен қараған, дауыс көтермей, нәзік қылып, еркелетіп өсіреді. Анасы ерте жасынан бастап үй тірлігіне араластырып , өз білгенін үйрету керек.Ең алдымен қыз баласы сыпайы, кербез, жинақы болуы керек. Жаман әдеттен аулақ жүруі керек. Қыз балаға қатты күлген жараспайды, және ұяң болған қыз балаға жарасады.
–1 дауыс
Қазiргi қыздар 15 жасынан аяғы ауыр  болып қалып жатыр,бұл не деген ұятсыздық! Қазiргi қыздарда ар-намыс қалмапты.
0 дауыс
Қызық екен) Жасөспірім қыз болудың да шарты бар ма? Адам әр түрлі болмай ма?! Ал жасөспірімдік кезең адамның тіпті де албырт, құбылмалы кезеңі. Міндетті түрде "осындай болуы керек" дейтін шарт қою қиындау сияқты.
–1 дауыс
Иманды болу керек.Барлық жақсы қасиеттер содан басталады.Әдеп,тәртіп,сыйластық т.б.
Мысалы 1 (Иман деп алайық)санының жанына 0 санын қоссақ он болады.Оған тағы 0 қоссақ,яғни жазсақ 100 болады.Сосын мың,он мың кете береді.Ал сол 1-санын өшіріп тастасақ сапасы қала ма?!Әрине жоқ.
Сондықтан иманды,=>тәртіпті,=>байсалды,=> т.б.))
0 дауыс
Қыз бала инабатты, тәрбиелі және байсалды болу керек . Қыз балаға қатты күліп не көп сөйлеген жараспайды. Сондықтан да қыздар өз - өзімізді ұстай білейік
...