0 дауыс
2.9k көрілді
Сенің темпераментің қандай? :-) Мысалға мен Холерик - Флегматик, Амбиверт. Ал сен?
Көбісі қандай темперамент екенін білген және қазір ұмытып қалған болуы мүмкін. Қосымша ретінде темпераменттердің сипаттамасын жаза кетсең дұрыс болар еді.

5 жауап

0 дауыс
Мен флегматикпын) Амбиверт деген не?)бірінші рет естіп тұрмын
Экстраверт (+), Амбиверт (0), Интроверт (-)
қызық екен)
Экстраверт:

адамдармен тез араласуға бейім тұратын;
публика алдында сөз сөйлегеннен қысылмайтын;
кез келген әрекетін сыртқы ортамен бөлісетін адам.
Интроверт:

жалғыздықты сүйетін;
өз-өзімен сөйлескенді ұнататын;
ішкі әлемінде өмір сүретін жан.
Адам бір іспен шұғылданғанда, тіпті сөйлегенде күш жұмсайды. Әдетте адам энергияны тыныс алу, тамақтану және ұйықтау арқылы алады. Ұйқымыз қанғанда, жаңа күш пайда болғандай әсерде болатынымыз сондықтан. Психологтардың айтуынша, экстраверт адамдар үшін бұл энергия жеткілікті көрінбейді. Сондықтан, олар энергияны қарым-қатынас арқылы басқа адамдардан алады. Экстравертердің үнемі жұрттың назарында болғысы келетіні осы себептен болса керек. Экстравертер алға ұмтылғыш, ашық-жарқын болып келеді. Араласатын адамдары да айтарлықтай көп болады. Себебі, ол кез келген ортаны баурап, адамдардың есінде қала алады. Дегенмен, бұл жүз достың бәрі сенімді деген сөз емес...

Ал интровертер керісінше. Олар көпшілік ортада ұзақ қалғысы келмейді, үнемі жалғыздықты жаны қалап тұрады. Адамдармен араласып-құраласып кету олар үшін оңай емес. Интровертер сезімдерін сыртқа шығара бермейтін салмақты, жабық, тұйық адамдар. Бұл эгоистік емес. Олар үшін қоршаған ортадан өз ішкі әлемі маңызды. Оның бір немесе екі досы болуы мүмкін. Көбіне олардың осы бір не екі досымен өмір-бойы сырласып өтуі ғажап емес. Психологтар сондай-ақ, шығармашылықпен айналысатын адамдардың көбі интроверт болып келеді дейді.
Амбиверт
лат. ambi - вокруг, с обеих сторон; verto - поворачивать) – термин для обозначения того, кто достиг равновесия между интро- и экстраверсией.
логикалық тұрғыдан ойласа, соншалықты қиын анықтамалар емес екен) түсіндіріп кеткеніңізге рахмет!
Иә, сол үшінде әдейі (+), (0), (-) қойып жаздым!)))
0 дауыс
Флегматикпін.       

 

.
+1 дауыс

Бірінші темпераментімізді анықтап алайық))))))

Сенің жақсы көретін ансамбілің немесе тобың МұзАрт т.б. концерт қойып келді. Сен зорға дегенде билет алдың. Концерт көруге келдің. Сәл кешігіп қалдың. Концерт басталып кетті. Есік жабық. Клубтың іші лыққа толы. Әйнек есіктен іші көрініп тұр. Сығылысқан адам, Контролер есіктің ішін іліп алып тұр. Сен не істер едің?.

А) Бар күшіммен есікті ұрып, «Аш» деп айқайлап, есікті теуіп, билетті көрсетіп айқай шу шығарамын. (ХОЛЕРИК)
Показать полностью..

Б) Қайтсем де, есікті аштырып алу жолдарын іздестіремін. Контролерға жабық тұрған есіктен жылы-жылы сөздер айтып, т.с.с (САНГВИНИК)

В) Іштей өзімнен-өзім қатты ашуланып «Мен сондай жолы болмайтын бір құрған адаммын, құдай-ай» т.с.с Өзімді-өзім кінәләп кетіп қаламын.(МЕЛАНХОЛИК)

Г) Жарайды, бұл жолы болмаса келесі жолы деп кетіп қаламын.(ФЛЕГМАТИК)

Сіз темперамент бойынша кімсіз?

Холерик — Бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдылығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Күйгелектік сондай акдамдарға тән. Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп, күші таусылғанда оны тастап кете береді. Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз, агрессивті, шамданғыш болып келеді. Холерик темпераментінің жағымды жағы – энергия, белсенділік, құштарлық, инициативтік. Жағымсыз жағы – ұстамсыздығы,қаталдық, қатаңдық, шамдану, ыза.

Сангвиник — Еті тірі, қабілетті, қозғалғыш оқушы. Ондай адам ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді, сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа адаммен тез тіл табысады. Қысылып- қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Егер оқу материалы қызықты және жас ерекшелігіне сай болса, онда кіші оқушы жаңа берілген материалды тез қабылдайды, жеңіл есте сақтайды.

Флегматик — Бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық процесстер флегматикте баяу жүреді. Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең кедергі келтіретін жері: тез есте сақтау, тез ойланып жауап беру. Кейде флегматиктер жамандықты есте сақтап қалады және ұзақ мерзімге. Адамдармен қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал орынсыз сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты.

Меланхолик — Бұл темперамент өкілінде психикалық процесстер өте баяу жүреді. Қатты тітіркендіргіштерге жауап бере алмайды, ұзақ және қатты күш түсірсе, олар жұмыс істей алмайды. Олар өте тез шаршайды. Олар өте сезімтал, реніштерін іште сақтап, оларды көп ойлай береді, бірақ сондай қиыншылықтар бар екенін ешкімге көрсетпейді. Меланхоликтер тұйық, таныс емес адамдармен сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады. Жағымсыз жағдайларда ауруға айналған осалдық, қысылу, көңілсіздік, пессимизм пайда болады.

 

Мен сангвиникпін)))))

Жақсысын таңдай салдыңғоооо ә?))))))))))))))
Мектепте психолог апай айтқан десең)))
Менікі каша болдығо тестте))) бәрінен үлестіріліп алынғандай мінезіме)))))))))
Сен бүйтсей, хосанфлехоликпін десей))))
ахаха))) дәл солай))
Маған ертең соңғы емтихан))) ал мен мында отырм))) мүмкін соңғысы болғасын шығар))))))))
Енді жатта, қат!)))) Сәттілік емтиханда!
Әумин, рахмет!
0 дауыс
Флегматик және Сангвиникпiн. Тест алғанда солай шықты....
0 дауыс
Холерик және Сангвиник,интровертер
...