+1 дауыс
18.4k көрілді
Маған  осыдан 3 ай бұрын "начинающий бронхит" деген диагноз қойды.  Біраз емделдім, бірақ қазір қақырықпен бірге қан араласып шығып жатыр. Бронхитпен ауыратын адамдарда қақырықпен бірге қан араласып шығуы мүмкін бе?
Мүмкін басқа аурумен ауыратын боларсың?

3 жауап

+1 дауыс
Бронхиттің жедел түрінде адам тез тоңып, жиі есінейді және басы ауырып, дауысы қарлығады, кеңірдегі жыбырлап, әуелі құрғақ, кейін аздаған қақырық араласқан жиі жөтел пайда болады. Жөтелдің жиі және үздіксіз болуына байланысты кеуде қуысы, ішектер ауырады. Осыдан ағза да әлсіреп кетеді. Дер кезінде емделмеген бронхит өкпенің домбығуына шалдықтырады. Бұл жағдайды қиындатып жіберуі мүмкін.
Созылмалы бронхитпен ауырған адамдар үнемі жөтеліп жүреді. Жөтел көбінесе таңертең пайда болып, құрғақ немесе өкпеден сарғыш-жасыл түсті қақырық түседі. Жөтел күшейген сайын өкпені ауа кернеп, оның пішіні өзгеріп, созылады. Ол күшейген сайын кеуде шаншып ауырады. Ауру көп жағдайда ұзақ уақыт шаң-тозаң мен улы газ жұтқаннан және темекі тартқаннан пайда болады. Сонымен қатар қатты суық тию, салқын ауа жұту, сондай-ақ қатты шаршаудың салдары, дененің және жүйкенің зорығуы да ерекше әсер етеді.
Белгісіз
+1 дауыс
бұл аурудың емін айтып жібересіз бе?
0 дауыс
Бранхиттен калай кутылыуға болады

Ұқсас сұрақтар

...