Өткенде бір осыған ұқсас сұраққа жауап беріп едім (қазір таба алмай жатырмын). Негізі мен де солай ойлайтын едім осылардың не керегі бар деп.
Бірақ, өткенде бір сыныптасым құрылыс фирмасына жұмысқа кірді (қарапайым жұмысшы болып), содан бір күні телефон соғып тұр, геометриядан жақсы едің ғой тік бұрышты үшбұрыштың диогналын қалай шығаратын еді дейді (енді Пифагор теоремасы ғой), Ол неге керек десем, шатырдың тек биіктігі мынандай болуы керек депті (басқа өлшемдері жоқ), ешкім есептей алмай жатырмыз бастықтар бәріміз дейді. Содан күнде соғады бірдеңе сұрап (вахтада ғой, геометрияны түгел қопарып шықтық) білгенімше айтам, білмегенімді интернеттен қарап деген сияқты, содан жұмыстан келгесін айтады сенің арқаңда жоғарыладым, бастық болдым дейді (үнемі чертеждармен жұмыс жасай ма бірдеңе)
Жәй өзімнің басымнан өткен оқиға болғасын айтып жатырмын ғой