+3 дауыс
1.7k көрілді
Кредитке сатып алынған телефонды қайта дүкенге өткізуге мүмкіндік бар ма? Егер телефон керек емес болып қалса?

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Толық мақаланы оқуға кеңес беремін: http://egov.kz/wps/portal/Content?contentPath=/egovcontent/justice/legal_issues/article/potrebitellow&lang=kk

Сатып алушы құқығының ең жиі бұзылуы, сірә, тауарды кері қайтару немесе ауыстыру кезінде жүзеге асатын болса керек. Айта кеткен жөн, бұл ретте сапасыз тауарға қарағанда сапалы тауарды қайтару немесе ауыстыру анағұрлым көп қиындық тудырады. Мынадай жағдайлар жиі кездеседі: сатып алушы өзіне жарамсыз немесе көңілінен шықпаған тауарды қайта өткізгісі келеді, ал сатушы тауардың затбелгісінің алынып тасталғанын, сөйтіп сатып алушының тауарды пайдаланған болуы мүмкін екенін алға тартады.

Мұндай жағдайда әрбір сатып алушының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңға, нақтылай айтқанда, 7, 14, 30-беттерге сәйкес, сатып алушының сауда жасалғаннан кейінгі 14 күнтізбелік күн ішінде азық-түлікке жатпайтын кез келген сапалы тауарды қайтаруға немесе ауыстыруға құқылы екендігін, ал сатушының оны қабылдауға міндетті екенін білгені жөн. Бұл қағида төменде көрсетілгендерден басқа азық-түлікке жатпайтын тауарлардың барлық түрлері мен категорияларына қатысты:

дәрі-дәрмектер, медициналық мақсаттағы бұйымдар;
іш киімдер;
шұлық бұйымдары;
жануарлар мен өсімдіктер.

Айта кетейік, тұтынушылық белгілері сақталған әрі сыртқы түрі бүлінбеген тауарларды ғана қайтаруға болады.

Тауарды қайтару немесе ауыстыру кезінде сатып алушы тауардың барлық пломбалары мен затбелгілерін және тауардың сатып алынғанын растайтын құжатты қоса апаруы тиіс. Егер қандай да бір себептермен тауардың сатып алынғанын растайтын құжатты сатып алушы көрсете алмайтын болса, онда сатып алғанын растау үшін сатып алушы куәгерлер жауабына сүйене алады немесе басқадай тәсілдерге жүгінеді (мәселен, бейнебақылау камераларының жазбасын қарауды өтінуіне болады).

Әрі сатып алушының тауарды қайдан (әмбебап дүкеннен, ауладағы шағын дүкеннен, базардан немесе интернет-дүкеннен) алғаны мүлде маңызды емес. Заң нормалары бәріне бірдей.

Көбінесе сатушылар дүкеннің кіреберісіне «Тауар қайтаруға немесе ауыстыруға жатпайды» деген хабарландыру іліп қояды. Бұл заңға қайшы, аталмыш хабарландырудың ешандай құқықтық сипаты жоқ. Сондай-ақ, сатушылардың акциямен немесе жеңілдікпен алынған тауарды қайтаруға немесе ауыстыруға болмайтыны туралы ескертуі де заңсыз болып табылады. Мұндай жағдайларда сатып алушының жоғарыда айтылған заң нормалары арқылы наразылық танытуға әбден хақы бар, сөйтіп қажеттілігіне қарай тауарды қайтаруына немесе ауыстыруына болады.

Егер сатып алушы сапасыз тауар (яғни ақауы айқын немесе жасырын) сатып алған болса, онда сатушы сатып алушының қалауына (тауарға төленген соманы толығымен қайтару, тауарды өз есебінен жөндеу немесе жарамды тауарға ауыстырып беру) байланысты тауарды кері қабылдауы тиіс. Бұған қоса, сатушы сатып алушының сапасы кемшін тауарды жеткізуге және\немесе қайтаруға шыққан шығынын өтеуге міндетті.
+3 дауыс
Кез  келген тауарды 14күн ішінде қайта өткізе аласыз
Арзанырақ телефонға ауыстырса бола ма
иа болады
+1 дауыс
Егер сіздің сатып алғаны туралы анықтамаңыз ( чегініз ) болса және сатып алғаныңызға 2 апта өтпесе кез келген тауарды қайтаруға немесе ауыстыруға құқылысыз.
...