0 дауыс
1.5k көрілді
Студенттер конференциясына баяндама жазайын деп едім, ол қандай болуы керек?

1 жауап

–1 дауыс
 
Жақсы жауап
Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының ұйымдастыруымен 14-наурыз күні «Жастардың  ынта-жігері – ғылымға»  атты  студенттердің облыстық  ғылыми конференциясы өтті.

 Конференцияны институт ректоры Е.У.Ихсанов ашып, ғылым жолы –ғылыми-зерттеу жолын таңдаған студенттердің қадамдарына сәт сапар тілеп, «Жастар – еліміздің болашағы. Жастар – мәңгілік қазақ елін жасаушы ұлттың тірегі. Ол көп оқып, көп тоқуды талап етеді. Сондықтан да жастардың үнемі ізденісте болуы – шарт. Осы ретте бұл конференцияның сіздерге берері көп», – деді.


 

 Конференцияға Атырау қалалық «Жас Отан» Жастар қанаты атқарушы хатшысы Қалауов Асқар Мұратұлы қатысып, студенттердің ғылыми талап-талпыныстарына оң көзқарас білдіріп, конференция сынды мәдени-ғылыми шараның өтуіне мұрындық болып отырған Атырау инженерлік-гумантарлық институтының ұжымына алғысын айтты. «Жастар жас отанымыздың буынын қатайтып, мемлекетіміздің болашағын баянды ететін күш. Жастарды қолдау – Елбасымызды сарабдал саясатының құрамдас бөлігі. Студенттер өздерінің қашан да Президент қамқорлығында екендіктерін ұмытпай, білім-ғылымнан өз бақытын іздеуі керек» – деп, жастардың ел алдындағы жауапкершіліктерін атап көрсетті.

 Конференцияның пленарлық мәжілісінде институттың Экономика мамандығының 1-курс студенті Струняшева Диана «Выступление  в  поддержку  послания  главы  государства – лидера  нации  Н.А.Назарбаева  народу  казахстана  «казахстанский путь – 2050: единая  цель, единые  интересы, единое  будущее», Стандарттау, метрология және сертификаттау мамандығының 3-курс студенті Нариманова Гүлбану «Жолдау – жастар   саясатының   жол  басшысы» тақырыптарында баяндама жасады.

 Конференцияның секциялық отырысы үш тақырып бойынша жұмыс жасады. Атапа айтқанда, «Қазақстан – 2050  стратегиясы  жасампаздық  жаңа  бағыт-бағдар», «Ақпараттық, компьютерлік, телекоммуникациялық және мұнай-газ салаларындағы  жоғарғы  инновациялық-технологиялар», сондай-ақ  «Индустрияландыру  мен иновацияларға негізделген экономикалық өсім».

 Секциялық отырысты  институттың Шетел  тілі  мамандығының 3-курс  студенті А.Қайыржанова, Автоматтандыру және басқару мамандығының студенті 3-курс Ш.Қаржаубаева, Экономика және кеден  ісі  кафедрасының  оқытушысы А.Сүндетовалар жүргізді. Жиын барысында Атырау облысының жақын және шалғай аудандарынан келген студент қонақтар, институттың студенттері өз баяндамаларын оқыды. Конференция соңы пікірлесуге ұласты.

 Конференцияның жабылу салтанатында институттың ғылым, тәрбие ісі және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, саяси ғылымдарының докторы, профессор К.М.Жаулин сөз сөйлеп, ғылыми тұжырымдары айқын, жаңалығы мол студенттерді институттың «Алғыс хатымен» марапаттады.
Мен не деймін, домбырам не дейді? :))
...