Ал мен MALIMETTER.ORG-тің жауабымен келіспеймін. Рас, кейбір сұрақтар нақты жауапты емес, пікірталасты тудыруға ыңғайлы. Бірақ егер осы сайт тек қана, мысалы: "Ноутбук қанша тұрады, қай жерден сатып аламын?" деген сияқты сұрақтардан тұрса, қызықсыз болар еді. Ал мына кісіге ұнамай тұрған сұрақтардың , меніңще, тәрбиелік маңызы зор. Жалпы, әр нәрседен адам тәлім-тәрбиелік астар алып отырғанын байқамауы мүмкін. Өйткені бәрібір жақсы нәрсе көңіліңде жатталып қалады. Қазақтілді оқырман енді-енді ғана араласып, өз пікірін мәдениетті түрде айтып жатқан сайтта қандай сұрақтар болса да артықтық етпейді. Тек шектен шықпау, бір-бірінің намысына тимеу сияқты жағдайлар орын алмаса дейміз. Ал MALIMETTER.ORG, сіз ең алдымен қалай мәдениетті сөйлеуді өзіңізден бастаңыз. НЕГЕ ОЛАЙ??? деген сұрақтың қасына не жазып қойғансыз? Дәл осы сіз жамандап отырған сұрақтар сіздің жаңағы мәдениетсіз сөзіңіздің қасында әлдеқайда көшелі. .. Қандай сұрақтың жақсы-жаман екенін содан кейін айтарсыз!