+1 дауыс
1.0k көрілді
Мен Шымкенттен Қостанайға билет сатып алсам,  белгілі бір себептермен пойыздан екшігіп қалсам ол билет жарамай қалады ма? Оның ақысын қайтарып алуға болады ма, алде басқа пойызға создыруға болады ма?

4 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темiр жол көлiгiмен тасымалдау қағидасын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 14 шiлдедегi № 799 Қаулысы
________________________________________
ҮЗIНДI:
________________________________________

11. Пайдаланылмаған жол жүру құжаттарының (билеттердiң) төлемдерiн қайтару тәртiбi
      91. Жол жүру құны билеттiң құнынан және плацкарттың құнынан тұрады.
      Жолаушы қажеттiлiкке байланысты жол жүру құжаттарын(билеттерiн) қайтарады және пайдаланылмаған жол жүру құжаттарының (билеттердiң) төлемдерiн алады. Төлемдердi қайтару жолаушының жеке басын куәландыратын құжат ұсынылғанда жүргiзiледi.
      Пайдаланылмаған жол жүру құжаттары (билеттер) және соның салдарынан тасымалданбаған багаж үшiн жолаушыға Тасымалдаушы мынадай жағдайларда ақшасын қайтарып бередi:
      1) жолаушыға поездан сатып алған жол жүру құжатына сәйкес орын берiлмеген жағдайда.
      Жолаушы ұсынылған орынды ауыстырудан бас тартқан кезде жолаушыға жол жүру құжатының (билеттiң) және тасымалданбаған багаждың ақшасы толық қайтарылады.
      Жолаушыға дәл сол поездан санаты төмен вагоннан орын берiлген жағдайда, жолаушыға жол жүру үшiн алынған сома мен орын берiлген вагонның нақты жол жүру құнының арасындағы айырмашылық қайтарылады.
      Мұндай жағдайларда жолаушылар поезының бастығы акт жасайды, соның негiзiнде жолаушы жол жүру құжаты мен актiнi көрсетiп, жүгiнедi. Комиссиялық алым алынбайды;
      2) билет кассасына пайдаланылмаған жол жүру құжаттарын (билеттердi):
      поездың жөнелтiлуiне дейiн 24 сағаттан кешiктiрмей қайтарса, толық жол жүру құнын қайтарып алады;
      поезд жөнелтiлгенге дейiн 24 сағаттан аз, бiрақ 6 сағаттан кешiктiрмей қайтарса, билеттiң құнын және плацкарттың 50% құнын қайтарып алады;
      поездың жөнелтiлуiне 6 сағаттан аз уақыт қалғанда және поезд жөнелтiлгеннен кейiн 3 сағаттан аспайтын уақытта тапсырса, билеттiң құнын алады, бұл ретте плацкарттың құны ұстап қалынады.
      Ұсынылған жол жүру құжаттары (билеттер) сызып тастау арқылы жойылады.
      Жолаушы қажеттiлiкке байланысты АБЖ-мен жабдықталған билет кассасында бiрнеше орынға ресiмделген жол жүру құжатының (билеттiң) орындарын iшiнара қайтаруды жүзеге асырады. Бұл ретте жолаушыға қажеттi орын санына жаңа жол жүру құжаты (билет) берiледi және жол жүру құжаттарын (билеттердi) қайтару шарттарына сәйкес ақша төленедi.
      Топтық тасымалдау (10 және одан астам адам), оның iшiнде орындарды iшiнара қайтару бойынша ақшаны қайтару орындар АБЖ жүйесiне қайтарылған соң талап ету тәртiбiмен жүргiзiледi.
      Балалардың, оқушылардың жол жүру үшiн топтық өтiнiмдер (10 және одан астам адам) бойынша қолма-қол ақшаға алынған жол жүру құжаттарының (билеттердiң) ақшасы топ басшысының мекенжайы мен оның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрiн көрсетiп, өтiнiш беруi бойынша билет кассасына қайтарылады;
      3) отыруға арналған вагондардан жасақталған поездарға ресiмделген пайдаланылмаған жол жүру құжаттарын (билеттерiн) билет кассаларына:
      поездың жөнелтiлуiне дейiн 24 сағаттан кешiктiрмей қайтарса, толық жол жүру құнын алады;
      поезд жөнелтiлгенге дейiн 24 сағаттан аз, бiрақ 6 сағаттан кешiктiрмей қайтарса, билет құнының 50%-ын алады;
      поездың жөнелтiлуiне 6 сағаттан аз уақыт қалғанда және поезд кетiп қалған соң қайтарса, жол жүру құны қайтарылмайды;
      4) 2 және одан астам компостер белгiсi қойылған немесе олардың жарамдылық мерзiмi ұзартылған аялдама туралы мөртабаны бар жол жүру құжаттары (билеттерi) бойынша төлемдердi қайтару кезiнде;
      5) жолаушы науқастануына байланысты поездан түсiрiлген жағдайда.
      Бұл жағдайда поезд бастығы 2 данада акт жасайды. Актiде жол жүру құжатының (билетiнiң), поездың, вагонның нөмiрi, күнi және жолаушы поездан түскен станцияның аты көрсетiледi. Осы актiнiң негiзiнде жолаушыға жүрiлмеген жолы үшiн жол жүру құны (плацкарттың құнынан басқа) қайтарылады. Жүргiзiлген операцияға алым алынбайды.
      Егер жолаушы жол жүрудi науқастану кезеңi өткеннен кейiн (медицина ұйымы берген осы ұйымның бұрыштама мөртабанымен және анықтама берген дәрiгердiң мөртабанымен расталған анықтама бойынша) қалайтын жағдайда, ол билет кассасына жол жүру құжатын (билетiн), актiнi және науқастану туралы анықтаманы ұсынады. Билет кассирi осы Қағиданың 78-тармағына сәйкес жол жүрудi ресiмдейдi;
      6) поезд қозғалысының үзiлуiне байланысты жол жүру барысында жол жүру тоқтатылған жағдайда.
      Жол жүру жолаушының өз бастамасымен тоқтатылған кезде, жолаушыға оның жүрмеген қашықтығы үшiн жол жүру құны (плацкарт құнынан басқа) қайтарылады. Жолаушыға тиесiлi ақшаны қайтару жол жүру құжатында (билетте) ол жол жүруiн тоқтатқан станция әкiмшiлiгiнiң өкiлi қойған жол жүрудiң тоқтатылу күнi мен уақыты туралы белгi болған жағдайда жүргiзiледi.
      7) тиiстi құжаттармен расталған науқастануы мен жазатайым оқиға салдарынан жол жүру құжаты (билетi) сатып алынған поезд жөнелтiлген сәттен бастап 3 тәулiк бойы поезға кешiккен жағдайда.
      Қажеттiлiк болғанда, жолаушы жол жүру құжатының (билеттiң) жарамдылығын плацкарт құнын қосымша төлейтiн болса, басқа поезға жаңарта алады немесе жол жүру құнын қайтарып алады, бiрақ бұл ретте плацкарттың құны ұстап қалынады;
      8) жол жүру барысында жолаушының тiлегi бойынша жол жүру тоқтатылған жағдайда.
      Қажеттiлiк болғанда, жолаушы жол жүру құнын (плацкарт құнынан басқа) жүрiлмеген қашықтық үшiн осы Қағиданың 78-тармағына сәйкес қайтарып алады.
      Жол жүру құжаттарын (билеттерiн) автоматтандырылмаған тәсiлмен ресiмдеу кезiнде жол жүрудiң тоқтатылуын станция (вокзал) әкiмшiлiгiнiң өкiлi жол жүру құжатына (билетке) "Жол жүру құжатының (билеттiң) күшi тоқтатылды" деген белгiнi, күнiн және станция (вокзал) мөрқалыбын қою арқылы куәландырады және сызып тастау жолымен жойылады.
      Жол жүру тоқтатылған кезде ақшаны қайтару жолаушының ауызша өтiнiшi бойынша жүргiзiледi.
      Ұсынылған жол жүру құжаттарына (билеттерiне) қатысты жөнелтудiң жолдағы немесе кейiн қайту станциялары болып табылмайтын станцияларда (вокзалдарда) жол жүру құжаттарының (билеттерiнiң) күшi жойылғаны туралы белгi қоюға жол берiлмейдi;
      9) (багаж) белгiсi бар жол жүру құжаты (билетi) жолаушыға багаж қайтарылған және бұл туралы жол жүру құжатына (билетiне) белгi қойылған соң немесе жолаушының багаж бен жүк-багаждың тарифтерi арасындағы айырмашылыққа қосымша ақы төлеген соң ғана қабылданады. Бұл ретте багаж кассирi "багаж" белгiсiн сызып тастайды және жол жүру құжатына (билетiне) өндiрiп алынған соманы көрсете отырып, әртүрлi алымдар түбiртегiнiң нөмiрiн жазады.
      92. Жол жүру құжаттарының (билеттерiнiң) қайтарылу мерзiмдерiне қарамастан, (бiрақ поезд жөнелтiлгенге дейiн) жол жүру құнынан сомаларды ұстап қалу мына жағдайларда, яғни жол жүру құжатында (билетiнде) көрсетiлген поезд жойылған немесе поездың жолаушылардың жол жүруi пунктiнен жөнелтуi бiр сағаттан аса кiдiртiлген жағдайда, сондай-ақ жолаушылар жолаушылардың жол жүру құжатында (билетiнде) көрсетiлген орындардың оларға берiлмеуi және олардың басқа орындарды пайдалануға келiспеуi салдарынан жол жүрмеген жағдайда жүргiзiлмейдi. Бұл жағдайда жол жүру құны толығымен қайтарылады. Жүргiзiлген қайтару операциясы үшiн ақы алынбайды.
      Жол жүру құжаттарын (билеттерiн) ресiмдеу кезiнде, оның iшiнде броньдау/резервтеу операциялары үшiн алынатын комиссиялық алымдар жолаушыға қайтарылмайды.
      Тасымалдаушы жолаушыға пайдаланылмаған жол жүру құжаттарының (билеттердiң) құнын, жол жүру құжаттарында (билеттерде) оларды станциялардың немесе вокзалдардың жою уақыты (күнi, сағаты) және пайдаланылмаған орындардың тапсырылғаны туралы белгiлер болған кезде ғана қайтарады.
      93. Темiр жол көлiгiнiң кiнәсi бойынша келiсiлген поездар (жол жүру құжаттарын (билеттерiн) билет кассирi ресiмдеген поездар, келiсiлген поездар арасындағы кемiнде 3 сағат айырманы есепке ала отырып) кешiккен жағдайда жолаушыға басқа станциядан ресiмделген жол жүру құжаты (билетi) өзiнiң күшiн сақтайды және жол жүру құжатында (билетiнде) көрсетiлген жету станциясына дейiн баратын жуық арад
Тамаша жауап. Үлкен рахмет енді 3-сағатқа дейін барсам билет бағасының толықтай қайтарылатынын білдім.
Босқа заңгер болып жүрген жоқпын!:D
Данияр,өте тамаша ақпарат бердің,менің жазғаным дұрыс па,жоқ әлде бұрыс па екенін білгім келеді.Бір рет солай қайтарып алып едім.
     P.S. Мен өз кінәмнан поезға кешігіп қалған едім,уақыт айырмашылығын есіме түсіре алмай тұрмын.
+1 дауыс
Болады,бірақ билет құнынан 20% (коммисионка) ұстап қалады.
+2 дауыс
Жок болмайды,осындай жагдай меним басымда болган алган билетим кайта тапсырсам ишиндегилер тусинбегенго,керисинше штраф ретинде1000 толегенмин...Пойыз кетпеген  болса онда алады кайтадан...
+3 дауыс
Болмайды, алдын-ала кешігетіңізді біліп өткізсеңіз Жако айтқандай біразын ұстап қалады. Ал пойыз жылжып кеткен соң ол жарамсыз болып қалады.
...