+4 дауыс
1.6k көрілді
Осы картина басқа өнер туындыларынан қандай айырмашылығы бар және оның қымбат болуының себебі?

9 жауап

0 дауыс
+2 дауыс
Мона Лиза картинасының құпиясы,әркім өзінің көңіл күйіне байланысты бұл суретті әр түрлі көреді екен.Біреу оның күлкісінен қайғы ,басқа біреу болса,қуаныштың күлкісін көреді екен,біреу болса ойланып тұрғанын көреді екен.Демек оның әдемі жүзін әркім әр түрлі көреді екен
0 дауыс
Ол адамзаттың көптеген туындылары сияқты баға жетпес мұра, неге оны бөліп алып отырсың
0 дауыс
Ол адам қолы менен жаратқан баға жетпес туындылардың бірі.
0 дауыс
Оны Мона Лизаның өзі де түсінбейді дейді ғо.
+1 дауыс
Білмеймін. Әйтеуір еститінім оның ернін 12 жыл салған дей ма. Мона Лиза да шаршап кеткен шығар 12 жыл отырып)) Майлы бояуды жаға беріп адамды шын сияқты қылып салған дей ма. Ол қымбат картина емес, оның бағасы жоқ, яғни ешқандай ақшаға сатылмайды. Менің ойым, адамдар ол картинаны тым асыра суреттеп жіберген сияқты.
0 дауыс
Оның ерекшелігі суреттегі әйелде қас жоқ. Бағасына жақсы бір стадион салып алуға болады.
0 дауыс
Басқа ешбір суреттерде Леонардо тұманды және тереңдікті («сфумато») “Моно Лизадағыдай” соншалықты дәл бейнелемеген. Бұл орындалуы бойынша ең озық шығарманың бірі болып есептелетін секілді. «Мона Лизаның» бүкіл әлемдік атаққа ие болуы көркем қызығушылар мен мамандарды сүйсіндіретін Леонарданың сапалы жұмысына ғана байланысты емес. Сурет тарихшылар зерттеуінен өтті және суретшілермен көшірмесі жасалды. Бірақ ол ұзақ уақыт бойына тек өнер білгірлеріне ғана танымал болды (знаток). 1911 жылы «Мона Лиза» ұрланып, үш жылдан кейін кездейсоқ жағдайлардың әсерінен музейге қайта оралды. Осы уақыт аралығында «Мона Лиза» бүкіл әлемдегі газет пен журналдардың бірінші бетінен түспеді. Сондықтан басқа суреттерден қарағанда «Мона Лизаның» көшірмесінің көп болуы таң қаларлық жағдай емес. Сурет әлемдік классиканың шедеврі ретіндегі объектке айналды.

Лувр мұражайында тұрған Мона Ли­за­ның жұмбақ көздері көпшілікті ойлан­дырары хақ. Оның көздерінің тұңғиы­ғында бір сыр бардай. Мұражай қыз­­мет­керлері Джаконданың көзінен көз ал­май қараған талай жанның ес-түсінен айырылғанын көрген. Неге екені белгісіз, бұл суретке ұзақ қараған адамдарда ру­ха­ни әлсіздік байқалады. Тіпті кейде мұ­ражайға келушілер ұзақ қарап тұрып, қо­лындағы затын Джаконданың бетіне ашумен лақтырып кеп қалады екен. Француз жазушысы Стендальді де «құ­пиялы сұлу» біраз абдыратқан. Суреттен шыққан жағымсыз әсерді сезген жазу­шы­ның буындары әлсіреп, біраз әбігерге түсіпті.
Джакондаға кейбіреулер «жауһар» деп қараса, бұл туынды екінші біреулердің ашу-ызасын келтіреді. 1958 жылы бір тұрғын Мона Лизаға химиялық қышқыл қоспасын шашпақ болған. Бірақ оның бұл әрекетінен ештеңе шықпапты. Десе де оның қолынан келмегенді басқа жан іске асырған. Ол суретке бар пәрменімен тас лақтырып, нәтижесінде сурет бетіне сызат түскен. Мұндай оқиғалар қайталана берген соң, мұражай басшылығы оны берік шыныға салып қоятын болған. Жұрттың мұндай қылық танытуы бекер болмаса керек. Мұражай қызметкерлері суреттің адам көзінен таса жерде түсі бозаратынын байқаған. Ал көрме төріне орналасқан соң, сол баяғы бояуы қанық туындыға айналады екен. Парапсихо­лог­тардың пікірінше, шебердің осы суреті адамның күш-қуатымен «өмір сүреді». Адам бойының жылуымен «беті жылтырап жүрген» туынды солайша жұрттың көзін тартады.
Деректерге сенсек, суретші өзінің қал­ған ғұмырын осы Джаконданың сұ­лу­лығын беруге жұмсаған. Үнемі жанынан тастамай алып жүрген туындыға шебер үнемі өзгерістер мен толықтырулар енгізіп отырыпты. Сөйтіп жүргенде шебердің күш-қуаты сарқылған. Біреулер «бұған себеп болған Мона Лиза» деген ойда. Бұлайша қоңыржай отырып, қорқытатын туындылар әлемде аз емес көрінеді.
0 дауыс
Картинаның басқалардан айырмашылығы Мона Лизаның қасы жоқ

Ұқсас сұрақтар

...