0 дауыс
8.6k көрілді
Мен үшін есеп шығару өте қиын. Ал осы үшін не істеу керк деп ойлайсыз?

17 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Есепті мектеп кезден бастап жақсылап ұғыну қажет. Бағдарлама күннен күнге, айдан айға, жылдан жылға қиындай береді. Сондықтан әуел бастап түсініп, мұқият зер салып, түсінбегеніңді сұрап алу қажет. Барлық мәселені мұғалімге жабудың қажеті жоқ. Ол жақсы оқитын адамдардың құлағына барып сыбырлап түсіндірмейді. Адамның қабылдауы - ең бастысы. Күнделікті дайындалып отыру да артық етпейді. Мысалы бір есеп шығаратын болсаң: ол қалай шықты, неге олай шықты деп есепті жан-жақты қара. Кейін өзіңе оңай болады. 

+1 дауыс
Есепке деген қызығушылық болу керек)
әрине қызығушылық бар бірақ кейбір ғалымдардың айтуынша шоколад жеу керек .Осыған не дейсіз?
Есепті шығаруды үйрете алатын адам болуы да маңызды. Жалпы, есеп шығарудың тәсілін, мақсатын және қалай шығаратынына бағыт беретін адам. Есепті күрделендіре барған сайын шығарып әкету, сіздің логикаңыз бен қызығушылығыңызға байланысты деген ойдамын.
0 дауыс
Ол үшін алдына отырып, мұқият тыңдап, білмегеніңді сұрай бер
0 дауыс
Оны мектеп кезінен жақсы білу керек. Сол кезде адам миы жақсы болады. Содан бастап жақсы есеп шығарады. Есейген соң есепті тастамасаң математик болып шыға келуің мүмкін.
0 дауыс
Бәрін басынан бастап оқу қажет. Математика ең күрделі пән.
+1 дауыс
Саган тусиндире билетин устаздан уйренген жон. Жеке озине болса оданда жаксы. Шоколад жей бергеннин озинен тук шыкпайды
дұрысссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссс
0 дауыс
Кем дегенде күніне 3 сағат есеп шығарып шынығу керек. Соң білмеген есептеріңді, есепті жақсы шығаратын адамнан немесе ұстазыңнан сұрауың керек. Солай етіп үйреніп бара бересің. Әсте ақырлық пенен.
0 дауыс
Есеп бір шығара білмесең сосын да шығармайсың. Берген мұғалім қатал болу керек. Бізде бір мұғалім қатты айғайлайды. Бірақ өзі сабақ түсіндірмейді, өзіміз әйтеуір түсініп аламыз. Мұғалімнен сабақ алу керек. Ал былай өз бетіңізбен түсінбейсіз.
0 дауыс
Жақсы репетиторға бару керек.Есеп шығарудың қызық жерлерін үйретеді.Ал бірақ былайынша,кішкентай кезден бастап есеп шығару керек,
0 дауыс
Ар адам туган бетте бир гылымга икеми болады. Мен мысалга алсак физиканы жаксы корем. Енди есеп шыгара билмесенизде оны жетилдируге болады. Ал шоколад жеу аркылы тек кана салмак косасыз
+1 дауыс
Чтобы научиться плавать , нужно плавать ,-демекші есепті жақсы шығару үшін есеп көп шығару керек!
0 дауыс
Ол үшін сол есепті шығарар алдында, апайлар қалай шығару керектігі туралы үйретеді, мұқият үйреніп алсаң, есепті шемешкідей шағасың.
0 дауыс
Жетістік 1% талант пен 99% еңбектің жемісі. Тәжірибе(практика) қажет және төзім қажет.
0 дауыс
Ерінбеуің керек. Білмейтін нәрселеріңді ұстазыңнан сұра, өздігіңнен оқы, босқа қарап жатпа. Ең бастысы есептердің шығарылу жолын білу. Сен бір есепті шығардың делік, соған ұқсас күрделірек есепті шығаруың керек. Оның шығару жолын біліп, есепті практикалық ойлап, мысалдар қарастырып, еңбектенуің қажет. Болатын бала еш қиындықтарға қарамай алға жүре береді. Сондықтан есепті әбден түсінгенше оқы. Есеп жақсы шығарып кетсең қызығушылығың да ынтаң да оянады. Ең бастысы теория мен  практиканы қатар алып жүру.
0 дауыс
Математика пәнінен қосымша сабаққа бар!
...