+1 дауыс
363 көрілді

Мына сұрақта мен қатты құрметтейтін Жомарт ағамыздың бір ғана өзім білетін қисынсыз пікірлері жазлған. Сіздер бұған қалай қарайсыздар?

"Алты арыс, қыртым-сыртым дегендердің бәрі де бай-шонжарлардың балалары, сепаратистер және таза халық жаулары. Сталин дана адам, оларды бекер атып тастаған жоқ."

"Сатқын емес, сол кездегі мемлекеттік құрылымға қарсы шыққан қылмыскерлер."
"Сепаратизм ешуақытта да жақсылық әкелген емес."

Сонда барлық қазақтың көзі ашық зиялылары кім болғаны?

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Олар сол кезден бастап Ресей империясынан бөлініп (СССР-дан) Егемендік алуды аңсады, қазақ болашағын ойлап жанын қиғандар (СССР басшылары көзімен әрине сепаратистер, бодандықтан босатқысы келмеді, империяны сақтап қалғысы келді)
Әрбір тарихи кезеңге сол уақыттағы адамдардың көзімен қарау керек.
Сөзіңіздің жаны бар.
+2 дауыс
Сталиннің көзімен біздің зиялылар сепаратистер.Біздің көзбен қазақтың арыстары.
Сталиннің емес, сол кездегі коммунистік партия басқарған үкіметтің саясаты сондай болатын.
+1 дауыс
Алты арыс емес бес арыс шығар. Бай шоншарлардың баласы емес көбі қарапайым халық арасынан шыққан. Сталин оларды қазақ әдебиет өнерін дамыттырмау үшін аттырды.
Кедейдің балалары білім алмақ түгілі, нандарын әрең тауып жүрген. Қазіргімен салыстырма. Абай да, Шоқан да, Ыбырай да, барлық білімді адамдар бай-шонжарлардың балалары.
Вирус қателеспе оларды Сталин аттырған жоқ өз ажалдарынан өлді. Сталин аттырған адамдардың көбі қарапайым халықтан шыққан.
Чичарито, тарихи деректер бойынша Сталин билігі кезінде үш рет партия қатарын тазарту (чистка) болған. Ең белгілісі 1936-1938 жылдар аралығында болған. Ол кезде Тухачевский бастаған билікті басып алғысы келген әскерилер, елді бөлшектегісі келген сепаратистер мен олардың ұйымдары толығымен жазаланды. Әркім әртүрлі айта берсін, бірақ Сталин осындай қатаң тәртіп арқасында дүние жүзіндегі АҚШтан кейінгі ең мықты мемлекет СССР деген супердержава құрды.
Сталинге табынасыз ба? Ол өзіне бағыныштылардың әйелдеріне дейін зорлағанда да сіз соны жақтайсыз ба?
Жұбатхан, тарихшылар әрқайсысы әртүрлі сөйлейді. Ондай "қатынбай" әңгімелерге сене берме.
Алдамайтын тек архив материалдары ғана.

Ұқсас сұрақтар

...