Нағыз қазақ қазақ емес,нағыз қазақ домбыра.....

0 дауыс
18.3k қаралым
Нағыз қазақ қазақ емес,нағыз қазақ домбыра деген сөзді қалай түсінесіз??
Жалпы сұрақ Белгісіз

1 жауап

+4 дауыс
Жақсы жауап
Форумда біреу жазыпты:
" Ақын Қадыр Мырзалиев кезінде қазақ халқының бүкіл ерекше қасиеттерін тізбелей келіп: «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра», – деген еді. Әрине, бұл – қазақтың өзімен бірге жасасып келе жатқан қасиетті қара домбыраға берілген үлкен баға. Десек те, сол домбыраның өзін өмірге әкеліп адамша сөйлетіп қойған қазақ емес пе?! Қазақ домбыраның иесі ғана емес, киесі де. Осынау ұлттық аспаптың қай заманда өмірге келгені белгісіз. Дегенмен оның ежелгі, мүлде көне аспап екені өзінен-өзі түсінікті. Адамзат металды игермей тұрғанда-ақ домбыра пайда болған сыңайлы.Нағыз қазақтың ұлттық болмысын насихаттаушы да, тамырының негізі де осы Домбыра! " --- сондықтан да "Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра" болмақ...)(*)
127,692 сұрақ
322,280 жауап
153,250 пікір
72,713 қолданушы