Мен көрмей тұрып сізде нақты ауру немесе арқаңыз қисайып кеткен деп айта алмаймын. Бірақ осы секілді ауру,яғни арқаның қисаюы қазіргі таңда көптеп кездесіп жатқанын теледидар, жарнамаларда айтып жатыр. Бұл арқаның қисаюының бірінші себебі үстел басында (партада), жалпы отырғанда адам үстелге жатуы, жантаюы салдарынан арқа сүйектері, омыртқа қисаюына әкеп соғады. Ал сізгі айтар кеңесім, сынықшы дәрігерлерге тез арада көрсетіңіз. Әйтпесе үлкейіп есейген шақта өзіңізге де, сынықшы дәрігерлерге де қиынға соғады. Иншаллах бәрі дұрыс болғай !