+2 дауыс
2.0k көрілді
Адамға ауру иттен жұғады ма? Үй жануарлары жүрек қан тамырлары, диабет, инсульт, артрит, ұмытшақтық, псориаз, белсіздік, ЖҚТБ (СПИД) секілді ауруларының пайда болуына себепші бола ма?


белсиздикти калайсын ба

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Зоогенді аурулар ол жануарлардың өздерінде ғана болатын аурулар, олар адамға жұқпайды. Антропогенді аурулар адамдарда болады да жануарларға жұқпайды, және үшінші түрі анропозоогенді аурулар, олар адамнан жануарға, жануардан адамға жұғатын аурулар. Мысалы өзің айтқан СПИД-пен өткен ғасырларда тек маймылдар ғана ауырған, Эбола да тек маймылдар арасында болған ауру. Кейбір африка халықтары маймыл етін жейді, содан әлемге тараған болуы мүмкін.

Көп жағдайда мал бауыздағанда, мал етін шала пісіргенде жұғатын бруцеллез ауруы. Сондықтан кез келген етті ұзақ қайнатып барып жеу керек, дұрыс қайнатылса бруцеллезбен аурған малдың еті болса да жойылып кетеді.
+1 дауыс
Сен айтқан ауруларды білмедім, бірақ адамға жан-жануарлардан берілетін аурудың бір-екі түрін білемін. Эхонококк және бруцеллез ауруы.
0 дауыс
Үй жануарларынан адамға жұғатын аурулар бар, мысалға: құтырма, іш аурулары т.б. Бірақ жүрек қан тамырлары ауруларының, инсульттің т.б сіз келтірген аурулардың жануарлардан жүғу қаупі аз деп ойлаймын. Олардың басты пауда болуы адамның дұрыс тамақтанбауы мен тазалық гигиенасын қадағаламаудан, дене жаттығуларын істемеуден болады. Ал ЖҚТБ жануарлардан гөрі адамдарда көбірек таралған. Диабет мысықтардан жұғуы мүмкін. Әр ауруға жеке-жеке тоқталу керек. Қысқасы иттен ду ауру жұғады, бірақ сіз көрсеткендердің барлығы емес.
0 дауыс
Төбедегі аурулар иттер арқылы, жануарлар арқылы жұкпайды, Кұтыру жұғады
0 дауыс
Иттен жұғатын аурулар ең қауіпті ауру ретінде саналады. Адамдарға жұғатын аурулардың 20-30 пайызы осы иттен жұғады. Иттен жұққан ауру өте қауіпті ауру. Құтыру ауруы осы иттен жұғады. Құтыруды емдеу қиынырақ. Біз жақта бір адам аузынан ақ көбік шығып өліп қалды. Сөйтсе оны ит талап кетіпті. Ол ит құтырған екен. Иттерден бәріңіз сақ болыңыздар!
0 дауыс

Үй жануарлары өз ауруларын иелеріне жұқтырады. Сол үшін кез келген үй жануарын асыраған кезде сақ болған жөн.

Құтыру ауруы

Ит пен мысықтан, жабайы аңдардан адамға құтыру ауруы жұғады. Бұл ауру адам ағзасына қан арқылы тарайды. Оның емі жоқ. Ауруға шалдыққан адамның денесі тырысып, судан жиіркеніп, сал болып, шөліркеп және жағдайы күрт төмендейді. Құтыруға шалдыққан адамға ең мықты дәрігер де көмектесе алмайды. Бірнеше күн азаптанған адамдар осы дерттің соңында қайтыс болады. Сондықтан сақ болған дұрыс.

Токсоплазмоз ауруы

Бұл аурудың адамға жұққаны бірден білінбейді. Оның белгісі бірнеше ай немесе жылдан кейін ғана шығады. Науқасты әлсіздік мазалап, ыстығы көтеріліп, жағдайы нашарлай бастайды. Токсоплазмоз әсіресе аяғы ауыр әйелдерге қауіпті. Себебі балаға айтарлықтай зияны тиеді.

Сол себепті аяғы ауыр әйелдердің мысыққа жоламағаны дұрыс. Жүкті әйел үйінде мысық ұстамағаны дұрыс. Ал мысық болған жағдайда, оны далаға серуенге шығармау керек. Сондай-ақ, мысықты ұстаған кезде адам қолын сабындап жуғаны жөн.

Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
3 жауап
0 дауыс
1 жауап
...