+1 дауыс
3.3k көрілді
Менің тырнақтарым өте жұмсақ, сәл зат іліп кетсе сына береді.Кейде ортасына дейін сынып қанапта жатады.Тұзды суға да салдым қатайтады деген соң бірақ ешқандай нәтиже жоқ. не істесем болады.

6 жауап

+1 дауыс
Дәрігердің кеңесіне жүгінгеніңіз дұрыс болар. Қалада жеке клиникалар бар, солардан конультация алсаңыз болады, интернетте көп.

Кальций жетіспегендіктен болар.
+2 дауыс
Марат ОТАРОВ, дәрігер-дерматолог: «Негізі әр адамның тырнағы оның денсаулығын айқындап береді. Егер тырнағыңыз әлсізденіп, сынғыштанып кеткен жағдайда міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз деген кеңес айтамын. Кальций деген сияқты дәрумендер де бар. Тырнақты қалпына келтіріп, қатайтады. Анау тырнаққа жағатын бояуларды көп жаға берген болмайды, тырнақ шаршап, өз болмысынан айырылады. Тырнаққа да тынығу қажет. Сонымен қоса, жұмыртқа, балық, күріш, жаңғақты көбірек жеңіз дейміз. Сүт өнімдері де (айран, құрт деген сияқты)  тырнақ ауруларының алдын алатынын ескертеміз. Сондықтан осы аталған тағамдар Сіздің күнделікті ас мәзіріңізден табылғаны дұрыс дер едім» .
http://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/623/ тырнаққа арналған ем-домдарды мына жерден көре аласыз....
Брат,менин тырганыс сызыоып-сызылып кеткен,менин дннчаулыгым кандай
+2 дауыс
Күніне бір рет кәдімгі йодпен тырнақтарыңызды бояп отырыңыз, йод тырнақты қатайтады.
0 дауыс
Анемияда да тырнақ сынғыш келеді, кальция жетіспесе де. Йод жағып қой, лимонның қабығымен сүртіп тұр
0 дауыс
Тұзды суға салғанда тырнақ қатаяды
0 дауыс
Тұзды суға тырнағыңызды аптасына 2-3 рет салып тұрыңыз жəне 10мин суға салып отырыңыз. Тырнақтарыңыз қалпына келеді.
...