Мырзағали Құланұлы Айтжанов (13.09.1970, Қарабастау ауылы, Сайрам ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы)- Қазақстан Республикасының бокстан ұлттық құрама командасының бас бапкері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жатықтырушы, КСРО чемпионы, жастар арасындағы Европа чемпионы, ОҚО-ның үздік жатықтырушысы (2008), ОҚО-ның жыл адамы (2007 ж.), Шымкент қаласының құрметті тұрғыны (2008 ж).
Мырзағали Айтжанов өзінің бапкерлік қызметін 1996 жылдан бастан. 2000 жылдан бастап 2009 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан обылсының аға жатықтырушы қызметін атқарады. Осы уақыт ішінде ОҚО-ның құрама командасы екі Қазақстан хлықтарының Спартакиадасын жеңген, Қазақстанның чемпионы 2 дүркін чемпионы атанған. Мырзағали Құланұлы 8 халықаралық дәрежедегі спорт шеберін, 10 спорт шеберін дайындаған.
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Инчхонда өткен 17-ші Азия ойындарында шәкірттерінің үздік нәтижеге қол жеткізгені үшін "АИБА-ның үздік жыл бапкері - 2014" мәртебелі атағына ие болды.
Мырзағали Айтжанов 2013 жылы да Халықаралық бокс қауымдастығының осы жоғары наградасына ие болған. Ол кезде Қазақстан құрамасы Алматыда өткен бокстан әлем чемпионатында 4 алтын, 2 күміс және 2 қола иеленген еді.
Ал 2014 жылы бас бапкердің шәкірттері 17-ші Азиада ойындарында 6 алтын, 1 күміс, 1 қола еншіледі.
Қазақстан Республикасының бокстан ұлттық құрама командасының бас бапкерлігіне 2009 жылы тағайындалды.
Сұхбаттарына қарап оған, оның сіңірген еңбегіне баға беруге болады: 1, 2, 3, 4.