+2 дауыс
1.6k көрілді
Сыр бар ма махаббаттан тылсым терең,
Кім оған басын иіп, күрсінбеген?
Ақ көңіл ақын түгіл қыз алдында,
Батырдың да жүрегі дүрсілдеген...

Сырттай ұнатып жүрген адамыңызға сезіміңізді қалай білдіресіз немесе білдіргенсіз? Қиналдыңыз ба?

2 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Мен өзім қыз баласы болған соң ешкімге әлі сезімімдіі білдіргенім жоқ.. Білдірмек түгілі қарауға да ұялатын едім, сол жігітті көрсем жүрегім жиі соғып  кететін соншалықты ұялғанымнан.. ал қазір бәрі басқаша
+1 дауыс
Мен ешқашан сезімімді білдірмеппін.Бір күні мені ұнатам деп бір жігіт келген, мен ия дедім, содан кездесіп жүргенде  ешқашан жақсы көрем деп айтпадым. " Мені жақсы көресің бе?" дегенде "жоқ!" дейтінмін.  Айтқым келетін, "жүрек құрғыр сайрап тұр, Қудай тілді байлап тұр" дегендей ия дегім келседе жоқ дейм, көзіне де тіке карауга ұялатынмын. Ал басқамен сөйлессем менен "балтун" адам жоқ шыгар. Сөйтіп 1 жыл уақыт өткенде менен "мені жақсы көресің бе?" деп сұраған сол кезде бірінші рет басымды изеп жауап бергем, сол кезде ұялдымба білмеймін, әйтеур, біртурлі болғам...Ал қазір біздің таныстығымызға 4 жыл болды,тіптен керсінше...
...