0 дауыс
1.2k көрілді
Мектептегі қимыл әрекет шығарма керек? Кем дегенде 1 бет және де ол  шығармада етістіктің шақтары болу керек.

1 жауап

0 дауыс

     Оқушылардың мектептегі іс - әрекеті

Оқушылар мектепке сабақтың басталуына дейін 10-15 минут бұрын келеді, таза және ұқыпты болып жүреді, сыртқы киімдерін гардеробқа тапсырады, аяқ киімдерін ауыстырады, өз жұмыс орындарына барып сабаққа дайындалады.  

Егер оқушы сабақты босатқан күні не себепті босатқаны туралы дәрігер анықтамасын немесе ата-анасынан жазбаша түсініктемені ұсынуы тиіс. Себепті жағдайлармен сабақты босатса (отбасылық жағдай, сайыстарға, жарыстарға қатысу) ата-ана өтінішін немесе мектептен тыс ұйымнан құжатты әкелуі қажет. Себепсіз жағдайлармен сабақты босату, немесе сабаққа кешігіп келу бұзушылық болып есептеледі.  

Мектеп оқушысында оқуға қажетті оқу құралдары, оқулықтар, дәптерлері, күнделігі болуы тиіс. Сабақ кестесіне сәйкес оқушы үй тапсырмасын орындап келуі міндетті.  

Мектеп оқушысы үлкендерге, мектеп бойынша кезекшілік атқарып жүргендерге сыйластық танытуы қажет, кішіге қамқор болуы тиіс. Оқушы үлкендерге, жоғары сынып оқушылары-кішкентайларға, ұлдар-қыздарға жол береді.  

Оқушылар мектеп мүлігін сақтайды, жөндеу жұмыстарына белсенді қатысады.  

 Оқушылар қоғамдық-пайдалы жұмыстарға, мектеп кезекшілігіне, сондай-ақ сенбіліктерге қатысады.  

Мектеп оқушысына рұқсат берілмейді:

·   сабаққа кешігіп келу;

·   дәлізде, баспалдақта тағы да басқа жерлерде ойнап-жүгіруге бомайды;  

·   терезені ашуға, батарейге және терезенің үстіне отыруға болмайды себебі бұл оқушылардың өмірі мен денсаулықтарына қауіпті болып келеді;  

·  оқу құралдарымен және мектеп сөмкесін лақтырып ойнауға болмайды;  

·  балағаттап, әдепсіз сөйлеуге болмайды;   

· оқу барысында мед.қызметкердің, сынып жетекшінің немесе мектеп әкімшілігінің рұқсатынсыз мектептен кетуге болмайды, сондай-ақ сабақтарды себесіз босатуға болмайды.  

·  рұқсатсыз басқа сыныпқа қарауға болмайды; 

·  сабақ және емтихан барысында мектеп дәлізінде шулауға болмайды;  

· бастауыш сынып оқушыларын немесе сыныптастарын кемсітуге, қорлық көрсетуге болмайды, дене зорлығын және төбелестерді болдырмау;    

×                     мектепке және мектеп аумағына түрлі мақсатпен және түрлі амалмен қару-жарақты, жарылғыш немесе өртенгіш заттарды қолдануға; ішімдік сусындарын, нашақор, тағы да басқа есеңгірететін заттарды, уландырғыш заттарды қолдануға және әкелуге болмайды;   

мектепке қымбат аппараттарды, бейнеплеерлерді, сондай-ақ қымбат металлдан және тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды тасуға болмайды;  бөгде адамдардың заттарын рұқсатсыз алуға, үйден алып кету немесе тығып қоюға болмайды;

   ·    мектепке ұялы телефон әкелуге тыйым салынады;  

 Жоғарыда аталған бұзушылықтар үшін оқушының атына келесі шаралар қолданылуы мүмкін:  

·  ата-аналарды мектепке шақырту;

· оқушыны құқық бұзушылық пен бақылаусыздықтың алдын алу профилактикасы Кеңесіне шақырту;  

·  Жүйелі бұзушылықты орындау жағдайында - мектепішілік есепке қою;  

·  Әкімшілік кеңеске шақырту;  

·  Педагогикалық кеңеске шақырту;

Дереккөз.

Жалпы айтқанда сұрағыңды түсінбедім.

 

...