+3 дауыс
6.0k көрілді
Дінсіз кетті бір адам, дінсіз кетті,
Бір рет азан шақырмай үнсіз кетті.
Тіртінектеп жүрді де тіршілікте,
Әрекетін ойламай мұнсыз кетті.
Бәлкім көшпес көңілден, көзде кетті,
Жұрт айткан жылы-жұмсақ сөзбен кетті.
Атақ, абырой, мал-мүлік жинап еді,
Бәрі қалып қош-құлаш бозбен кетті.
Жаяу кетті, көлігін мінбей кетті,
Медальінің бірінде ілмей кетті.
Мәнкүр-Нәңкүр қоятын үш сұрақтың,
Ең болмаса біреуін білмей кетті.
Бұйрыгына Таңірдің көнбей кетті,
Көрден соңғы өмірге сенбей кетті.
Шариғаттың шарттарын сүймей кетті,
Тым болмаса жұмада Раббысы үшін,
Жайнамазға маңдайы тимей кетті.
Бұйрығына Таңірдің көнбей кетті,
Көрден соңғы өмірге сенбей кетті.
Көкірегіне Ленин, Дарвин жаққан,
Атейстік алауы сөнбей кетті.
Күліп келген күнадан қашпай кетті,
Молда айткан сөзге құлақ аспай кетті.
Қос дүниелік бақытпен қауыштырар,
Құран Кәрім парағын ашпай кетті.
Жүрегіне сіңірмей иман нұрын,
Игіліксіз ғылымнан жиған білім.
Тірісінде тәрк еткен аяттарды,
Жатыр оған бағыштап иман бугін.

Сіз намаз оқисыз ба?

9 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Намазды бұзып аламын деп қорықпаңдар, ең бастысы ниеттенсеңдер болды. Аллаһ бәрін білуші, естуші, егер шын ниет болса қабыл етеді. Ал адамдарға жағу үшін оқығанды қатты лағнеттейді. Намазды бастай беріңдер, кейін үйреніп кетесіңдер.
+8 дауыс
Кей намаздан гөрі бей намаз жақсы" деп айтушы еді әжем. Негізі намазға жығылғым келеді, бірақ қорқамын қателіктерге бой алдырам ба деп
хе хе, ең алғаш жазған жауаптарым екен, Альхамдулиллах, қазір арманыма жеттім ғой, ең бастысы тәуекел ғой. Адам деген қорқынышын жеңіп, дұрыс тәуекел ете білсе, Аллах оның дәрежесін көтеріп қояды екен.
+3 дауыс
Иә. Бірақ күнде емес анда-санда оқимын. Бірақ тура осы 8-оқып жүргенде бірде-бір рет намазға бармаппын ғой. Азанда сабаққа барып үйге 1-жарымда келемін. Кешке дейін бос боламын. Әдетте Жұма намазына барғым келіп жүреді. Бірақ бір өкініштісі 6-сабақ болады. 1-жарымда үйге қайтамын ғой. 2-ге дейін үлгермеймін. Бірақ азаннан кешке дейін бос болсам да үйде отырамын.
Сенікі қандай секта ?

Менің дінім Заратуштра діні кел қосыл)))
Әзілін-ай _ )))
Анда-санда оқимыны несі? Намаз сізге жеңіл қарайтындай "ойыншық" емес қой...
түсінбедіңіз…
+3 дауыс
Намаз оқыр едім,үйдегілер рұқсат етпейді.Үлкейгесін міндетті түрде оқимын.Жалпы сөздерін білемін!!!
0 дауыс
Риялы ораза, намазбен,
Өзіңді өзің алдама.
Әдепті болсаң, онан да
Көп жақынсың Аллаға.

Айтқым келмейді, бірақ бес уақытына .... қысқасы: оқымаймын.
+2 дауыс
Шукир мен окимын) Жане барлык адамдар окыса мына заманда жаманшылык, кулык-сумдык, зорлык-зомбылык болмайды деп ойлаймын. Адамдар намаз окындар, мына дуние отеди де кетеди. Бир Аллага сиынындар, адаспандар. Казагым аман болсын, коп болсын! Амин!!!
+1 дауыс
Оқы, Оқы, және Оқы! Бұл сөз негізі Құран кәрімде айтылған,ал оны Ленин деген атейст өз атынан жариялаған екен.
+1 дауыс
Оқымаймын,бірақ болашақта оқимын дей аламын,Алла қаласа.
Өлең айтып жүре берме мас болып,
Намаз оқыған адамдарға қас болып,
Ораза тұтқандарға күле салма,
Не шықты деп 1ай жүргендерінен аш болып.

Түсінесің ертең тозақ отына жанғаныңда,
Өкінесің ертең намаз оқымағаныңа таңдарыңда,
Өкінесің ертең ораза тұтқан адамдар жаннатқа,
Раян есігінен кіріп, жетіп жатқанда арманына.

Ойлайсың ба жалғанда мәңгілікке жүремін деп,
Жұрттар күлсе, бірге хақылдап күлемін деп,
Аллаһтың бұйрықтарын орындамай,
Ойлайсың ба бақытты өмір сүремін деп.

Деймісің сен бақыт менің күшімде,
Деймісің әлде бақыт істеген ісімде,
Ойың қате сенің замандас, білгін,
Бақыт деген ол - Исламның ішінде.

Бақыт деген- дұға етіп Аллаһтан сұрағаның,
Күнәларың үшін кешірім сұрап жылағаның,
Бақыт деген парыздарды орындап,
Түн уақытында тұрып намазға құлағаның.

Бақыт деген - аштарды тойдырғаның,
Себепші болып жаман істі қойдырғаның,
Арақ деген харам суды қоймастан,
Бақыт деген - ислами той қылғаның.

Бақыт деген- ата-ананы сыйлағаның,
Дүниені жүрегіңе жимағаның,
Жақсы адамдармен араласып,
Соларды қасыңнан кетуін қимағаның.

Бақыт деген ол - Құранды оқығаның,
Аллаһтың сөздерін көңіліңе тоқығаның,
Құран және Сүннетпен жүргенің,
Білім жиып мұсылманша өмір сүргенің
Бақыт деген ол бауырым,
Бұл дүние жалған екенін білгенің.

Бақыт деген Аллаһты ұлықтауың,
Жамандықты қасыңа жуытпауың,
Барлығымен жақсы аралысып,
Ағайыныңмен араңды суытпауың.

Бақыт деген қызыңа орамал таққызғаның,
Таң намазға тұру үшін ертерек жатқызғаның.

Пайғамбардың сүннетінен сенің ергенің,
Балаларыңа ислами тәрбие бергенің,
Бақыт деген ол бауырым,
Бір Аллаһтан басқа тәңір жоқтығына сенгенің.

Бақыт деген- Ассаләму ъаләйкум деп амандасқаның,
Жамағатпен намаз оқу үшін мешітке қадам басқаның,
Әңгімесін тыңдамау ғой бақыт деген,
Отырып алып бір-бірін тек жамандасқанның.


Бақыт деген ол- тек қана жақсылыққа бастауың,
Кедергі болып тұрған жолдағы затты алып тастауың,
Бақыт деген ол- ел-жұртқа,
Пенделердің айыбын масқаралап ашпауың.

Жамандығыңды бойыңнан сыға білсең,
Өз нәпсіңе ерместен, жеңіп оны жыға білсең,
Бақыт дегенді бауырым саған айтайын,
Ол - мұсылман болып өмір сүру ғой ұға білсең.
0 дауыс
Иә, альхамду лиллях. Намазсыз күнәлардан Алланың алдында тазарамын деу, сабын мен сусыз кірден арыламын дегенмен тең. Күнәларымды тиып сосын намаз бастаймын деу ол ағузубилля шайтанның алдауы. Тәуекел етіп намаз кеткен абзал. Қалғанын(қиындықтарды) Алла өзі жеңіл етеді, себебі Алланың ризалығына деген жол таңдасаңыз парызды орындау жеңіл. Әрине барлығымызды риядан, тура жолдан тайдыратын күнәлардан Алла сақтасын! Аумин!

Ұқсас сұрақтар

...