0 дауыс
84.8k көрілді
Маған Абай Кұнанбаевтың оңай өлеңдері керек (6 шумактан аспасын)

7 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Буынсыз тілің

Буынсыз тілің,

Буулы сөзің,

Әсерлі адам ұғлына.

Кісінің сөзін

Ұққыш-ақ өзің,

Қисығын түзеп туғрыға.

Сезімпаз көңіл

Жылы жүрек.

Таппадым деп түңілмес.

Бір тәуір дос

Тым-ақ керек,

Ойы мен тілі бөлінбес.

Абай Кұнанбаев

+1 дауыс
Заман ақыр жастары

Абай Құнанбайұлы

Заман ақыр жастары,
Қосылмас ешбір бастары.
Біріне бірі қастыққа
Қойнына тыққан тастары.

Саудасы – ар мен иманы,
Қайрат жоқ бойын тыйғалы.
Еңбекпен етті ауыртпай,
Құр тілменен жиғаны.

Өнімсіз іске шеп-шебер,
Майданға түспей несі өнер?
Сиырша тойса мас болып,
Өреге келіп сүйкенер.

Күлмеңдеп келер көздері,
Қалжыңбас келер өздері.
Кекектеп секек етем деп,
Шошқа туар сөздері.

*

Күз
Абай Құнанбайұлы
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Біреу малма сапсиды, салып иін,
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
Енесіне иіртіп шуда жібін,
Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.
Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен,
Астында ақ шомшы жүр, ол бір керуен.
Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы,
Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен.
Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең,
Көңілсіз қара суық қырда жүрсең.
Кемік сүйек, сорпа-су тимеген соң,
Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең.
Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы,
Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы.
От жақпаған үйінің сұры қашып,
Ыстан қорыққан қазақтың құрысын заңы.
 



Сегіз аяқ

Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған.

Хиуадан шауып,
Қисынын тауып,
Тағыны жетіп қайырған.

Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл.
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас.

Білгенге маржан,
Білмеске арзан,
Надандар баһра ала алмас.

Қиналма бекер тіл мен жақ,
Көңілсіз құлақ, ойға олақ.
Басында ми жоқ,
Өзінде ой жоқ,
Күлкішіл кердең наданның

*
0 дауыс
Ғылым таппай мақтанба-ны жатта
+1 дауыс
Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,

Және хақ жолы осы деп әділетті...
0 дауыс
http://www.ikitap.kz/reader/abajdyng_lirikasy_auezov_muqtar
0 дауыс
Жасымда ғылым бар деп ескермедім                            Пайдасын көре тұра тексермедім Ер жеткен соң түспеді уысыма Қолымды мезгілінен кеш сермедім Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы Қолымды дөп сермесем өстер медім                                        Адамның бір қызығы бала деген Баланы оқытуды жек көрмедім Баламды медресеге біл деп бердім Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім                                          Өзім де басқа шауып төске өрледім Қазаққа қара сөзге дес бермедім Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім.
0 дауыс
Фзули, Шәмси,  сәйхали ,
Науаи, Сағди, Фирдауси,
Хожа -Хамис  бу һәммәси

Мәдәт  бер я шағири1 фәрияд2
...