ҮРКЕР– Торпақ шоқжұлдызындағы шашыранды галактикалық жұлдыз шоғыры. Шоғырында шамамен 540 жұлдыз бар екені дәлелденген. Үркер — Мұның жай көзбен 6 — 9 жарық жұлдызын ғана көруге болады. Үркердің ең жарық жұлдызы — Альциона немесе Торпақтағы. Үркердің басқа жарық жұлдыздары сияқты Альциона да В спектрлік класындағы ыстық жұлдыздардың қатарына жатады. Ұзақ уақыт түсірілген суреттерден Үркердің жарық жұлдыздарының төңірегінде үлкен тозаң тұмандықтың бір бөлігі жақсы көрінеді. Үркердің диаметрі 15 парсек (шамамен 49 жарық жылы). Жұлдыз шоғырындағы барлық жұлдыздар кеңістікте параллель траекториямен қозғалады. Қазақ халқында аспандағы ерекше көзге түсетін жұлдыз шоғырын “үріккен малға” ұқсату нәтижесінде “Үркер” атауы шыққан. Ел арасында Үркер “жұлдыз ағасы” деп есептелген. Үркераспандағы Күн мен Айдың орбитасына жақын тұрғандықтан, оған қатысты Күн мен Айдың орналасуына қарап қазақ халқы түнгі бағытты, жыл, түн мезгілдерін және ай тоғыстарын (қ. Тоғыс есебі) анықтап отырған. Үркер күз басында іңірде күн шығыстан, қыс басында іңірде төбеден, көктем басында күн батыстан көрінеді. Ал шілде айында Үркер күннің жанында болып, түнде көрінбей кетеді. . .)