+2 дауыс
918 көрілді
Өз басым, Сайт әкімшілігінің еңбегіне толықтай көңілім толады. SURAK-ZHAUAP.KZ сайты арқылы көп сұрақтарыма жауап таптым, дүниетанымым кеңейе түсті десем артық кетпеспін. Бірақ та Сіздің осы сайтты "дамыту" мақсатында қандай шара қолдану қажет деп білесіз? .....нені қосу керек, нені алу қажет?    Жалғыз ғана мысал, Сайттың  сыртқы интерфейсін сәндеу (бояу,сурет қою,т.б.)_)  _?

12 жауап

+14 дауыс
 
Жақсы жауап
Тамаша сұрақ болды. Ерте ма, кеш па өзім де осы сұрақты сайттың қолданушыларына қоятын едім. Және бір шетінен бірнеше пікірлерге өзімнің ойымды қоса кетейін.

Сайттың жай күйі, жағдайы менің қаперімнен шығып кеткен жоқ. Толықтай болмаса да бақылап реттестіріп жүрмін, алдағы жоспарларымды іске асыруға тырысамын.
Құрметті сайт қолданушылары сайтымыз жалғыз сіздердің де емес менің дүниетанымды арттырып жатсам десам артық болмас. Кей кездері өзімнің сайтымның мен іздеген сұрақтарға жауаптары осы сайтымнан тауып жатқан кездері ой секіріп тұрып қуанамын. :)
Енді қысқаша сіздердің пікірлеріңізге өз ойымды жаза кетейін:

Майрош ол ойынның жетілдірілген нұсқасын болашақта іске асырамыз, әзірге білімнің аздығы мен уақыттың тапшылығы қолды байлап тұрғаны рас. Өмір сүру, күн көру мақсатында басқа істер істеуге тура келіп жатқандай уақытым тапшы болып жатыр. Бірақ алдағы уақытта жаңа жылдан бастап сайтымызға жарнама қоятынымды хабарлаймын, егер сайтқа жарнама берушілер табылса әрине.  Бірақ уайымдамай-ақ қойыңыздар сайтта ұятсыз сурттер бар жарнамалар, немесетықшанды басаңыз ашылып мазаны кетіретін жарнаманы қоймаймын нақтырақ қоймауға тырысам. Оған жеткізбеймін. Егер кірі компаниялар ұсыныс жасап жарнама бергісі келсі жаңа жылдан бастап сайтта қай жерде қандай баннер тұратындығы мен бағасын жариялайтын боламын. Түскен қарадат сайтты дамытуға, біраз қаражат жиналса сайттың дизайны т.б. шараларға жұмсалатын болады.
Беріктің айтып жатқан пікіріне келсем ол айтып жатқан іс өте қиындау. Техникалық тұрғыдан іске асатын жағдай, бірақ біздің сайт ондай талапты орындай алмайды. Програмалау тілдерін қосып Жава код т.б. көптеп еңбектену керек ол үшін. Болашақта болуы мүмкін, тағы да айтамын мүмкін. Бірақ болады деген сөз емес.
Мади сенің пікіріңе келсем ия сайттың сырт келбетін сәл өзгертемін.  Қазір өзгшетпей тұрған себебім жаңа жаңартуға лайқтап өзгертсем ба екен деп күтіп отырмын. Бірақ қалтамның қалың еместігін ескеріп қаражатқа сайттың сырт келбетін сыздыртып тастай алмаймын. Сондықтан кішкене болса да өзімнің қолыммен өзгерістер енгізіп көрем. Шрифттермен жұмыс жасаймын, шеттеріне ою-өрнек қосып әрлендіріп көремін. Бірақ қаперде міндетті түрде сайттың ақ пен қара түс өзгерместей болып қаперде болады. Себебі сайтқа қолданушылар  ақпарат яғни мәтін оқуға келеді. Көздің талмауы басты шарт бізде. Жиі қойылатын сұрақтан көрі Жақсы жауабы алынған сұрақтарды шығару техниқалық түрде оңайға түседі менің қолымнан келуі. Оны сол жаңа мүмкіншіліктер қосылғанда іске қосармын. Ия дұрыс айтасын сайтта сұраққа да дауы беруге болады. Оны бекер алып тастаппын, бірақ қоса салу мен үшін тым оңай, бірақ сайттың келбетіне ыңғайсыз болып тұрғаны оны да сайтың жаңартуына қарсы қосамын. Оған қарсы болмассың деген ойдамын.
Қуаныш ия сайттың қарапайымдылығы басты қаперде болады, оған уәде беремін.
Ескендір сенің айтып жатқан тіркелу кезіндегі өзгерістерді істеуге болады. Жас айырмашылығы керек шыны керек. Оны қарастырып көрермін. Сайтқа музыка, видео, сурет жүктеу сайттың движоғында қарастырылмаған, есесіне сайтқа басқа сайтқа салып осында сілтемесін қосу мүмкіншілігі қарастырылған. Сайтта қандай адам отырғанын шешу жолын істеу осы движокты істеп жатқан жігіттің де бас ауруы болып тұр. :D Оны де ашуге болады бірақ болашақтың еншісінде, ок.


Ал енді мен алдағы қандай өзгерістер енуі мүмкінін жаза кетейін.
1. Сайттың сырт келбетіне сәл де болса қазақилық енгізсем деймін. Ою-өрнек т.б. дегендей.
2. Таңдаулылар. Яғни сіз ұнаған сұрақты таңдаулыға қосып қоясыз. Кейін оңай ол сұрақты тауып алып отырасыз. Ағылсынша Bookmark орысша Избранные дегенді білдіреді. Не айтып жатқанымды түсінген боларсыздар. (міндетті түрде іске қосылады)
3. Кездейсоқ сұрақтан бөлек астында, Жақсы Жауап алынған сұрақтарды да шығаратын боламын. (міндетті түрде іске қосылады.)
4. Жауап немесе пікір Ajax технологиясын қолданатын болады. Яғни сайтқа жауап беру батырмасын басқанда сайт жаңарып барып емес жауап беру бөлімі астына сырғып сайт жеңіл түрде қолданылатын болады. (міндетті түрде іске қосылады.)
5. Өзім көптен бері армандап істегім келіп жүрген ойым сайттың блогың жүргізу. Оны яғни Таңдаулы қосылғанда іске асады деп отырмын, себебі таңдаулы іске қосылған соң мен жақсы деген сұрақтар мен жауапты таңдап қойып әр 1-2 аптада соған сараптама жүргізіп отырамын. Мынадай тамаша сұрақ қойылды, оған мынадай қолданушыдан жақсы жауап алынды сол үшін оған үлкен алғыс дегендей. (міндетті түрде іске қосылады.)
6. Ұзақ пікірлердің топтастырылуы. Егер Жауапқа 3 пікірден артық пікірлер қалдырылып жаса ол пікірлер автоматты түрде жиналып тұратын болады. Толық пікірді оқу үшін толық пікірді ашу батырмасын басу арқылы көретін боласыз. (Міндетті түрде іске қосылады.)
7. Енді жеке хатты жібергенде жеке поштаға барып соны оқып сосын қайта кіріп барып жасбайсыз, хаттар сайта сақталынатын болады. Оңай хат алмасуға болатын болады. (қосылуы мүмкін)
8. Қолданушы бетінде толықтай ақпаратты көру, қандай сұрақты іздеді, қандай сұрақты өшірді, қандай сұрақты қойды, қандай сұраққа минус немесе плюс дауыс берді т.б. толықтай ақпарат көрсетілетін болады. Енді кім-кімге минус немесе плюс қойып жатқанын көретін боласыздар. (міндетті түрде қосылады)
9. Сайттағы қолданушыға сайт админі оның белсендігіне қарай үлкен көлемде балл беру, немесе бұзақылық ретінде ірі мөлшерде балын алып тасай алу. (міндетті түрде болады)
10. Медальдарды іске қосамын. Сайттағы белсенділігі арқылы Алтын, Күміс, Қолпа медаль жинауы іске қосылады. (Міндетті түрде қосылады)
11. Сайт админі ретінде сайттағы барлық қоладнушыға бірденен хат жіберу. Сайттағы жаңарту, жаңалық т.б. хабарлап тұру. (міндетті түрде болады.)
12. Сайттың іздеу мүмкіншілігі жаңаруы керек. Ілмектерден іздеу, сайттағы толық ақпараттан керектісін тез табу мақсатында. (мүмкін)
13. Тағы да біраз жаңартулар іске қосылатын шығар, оны уақыт көрсетеді.


Ескерте кететін жай бұл әрекеттер желтоқсан айының соңында қосылуы керек немесе жаңа жылдың алғашқы айларының ортасына дейін қосылып қалар. Бірақ есеріңіз нақты міндетті түде деген уәдем жоқ, болып қалар. Қолымнан келіп тұрса қазыр-ақ істеп қояр едім. :D Бізбен бірге болыңыздар. Сайт бір үлкен сұрақтар мен жауаптар толтырылған және тоқтап қалмай ақпараты арта түсетін энциклопедияға айналады деген үміт үлкен.

Сіздерге үлкен Рахмет! Құрметпен сайт админі Серікбай Ербол Амантайұлы!
Дұрыс дұрыс))))
Ербол мырза, жауап берушіге берілген баллдардың кімнен екені құпия түрде, яғни осы қалпында қалғаны жөн емес пе? Сайтты ақтарып көрсем, өзіне балл қосқаны туралы біраз пікір таластар болғанға құсайды, ал ертең ашық түрде жаияланса, керексіз сұрақтар мен жауаптар көбейіп кететін сияқты. Мысалы, бір-біріне рахмет айтып немесе не үшін балл қосқанын сұрап дегендей. Одан да жұлдыз (10 балл) берілгендерді ғана ашық көрсеткен жақсы емес пе?
(dance)құптаймын!!!!(clap)
осыны уақыт бөліп жазғаныңның өзі сайтқа деген көз қарасынның түзу екенің аңғартады... сайтта жүргізіп отқан стратегиян өте тамаша, қолданушылар артып келеді байқауымшы. іске сәт! еңбегіңнің жемісін көр енді, сол күнге де жет)))
+8 дауыс
Ешқандайда алып қосарым жоқ. Себебі іздеген сұрағыңызға жауапты тез табатын бірнеше жолдары бар. Мысалы оң жақтағы санаттардан табуға болады, немесе кездейсоқ сұрақтардан табасыз. жалпы іш пыстыртпайды. Бірақ жоғарыдағы ойынның толық нұсқасын жазса керемет болып кетер еді. Ол алдағы уақыт елшісі.
Осының бәрі емес шығар көбі Желтоқсандағы жанартуда болатын сияқты. Админнің айтуы бойынша.
Оны админ мырзадан сұрайық. Әрине жаңарып отырған қолданушыларды да қызықтырады ғой. Осымен тоқталмай жалғасын таба берсін дейік.))))))))))))))))))))
+9 дауыс
Егер Админ жаңартуды бастаса бәрі жақсы болатын еді. Былайша айтқанда менің өз ойым былай:
Қазақша жазбай орыс әріптерімен жазылған сұрақ не жауаптар өздері автоматты түрде өңделсе жақсы болатын еді. Мысалы: Мен Казакпын деген сияқты орыс әрпімен жазылып өзі автоматты түрде Мен Қазақпын деп өңделсе жақсы болар еді. Бұл менің ойым. Әлі тағы да ойларым бар.
керемет идея(clap)
МАЙРОШ және X man екеуі не де мені қолдағандарына да рахмет. Сосын тағы да Жақсы жауап деген сияқты Жақсы пікір деген де болмас па екен???
Robin van Persie жақсы жауапты Alish Мұғалімнен сұраңыз. Біз тек сізді қолдаймыз. Барынша + бердік :)
+7 дауыс
Дұрыс айтасыз, сайттың дизайнын жаңарту керек секілді, қанша дегенмен, 5-6 айдың ішінде өзгерді ғой.Сайтқа кішкене бояу қосып, жан-жағын көктеу түспен сәндеп қойған дұрыс болар еді.Сосын, мына шрифтілерді сәл-сәл үлкейтсе болмай ма екен.Логотипі жақсы.Соған сай, күздегі кезіндей жан-жағын бір фонмен әрлеп қойса деген тілегім бар.
Сосын, сайттың бастапқы бетінде оң жақ төменгі бөлігінде жиі қойылатын сұрақтар деген сұрақтар болса ,қатып кетер еді.
Сосын, бұрын болған сұрақтарға дауыс беру деген функция болса деймін да.Егер сұрақ ұнаса, +1 басатындай, ұнамаса -1 басатындай.
Сұрақтар бөліміндегі көп дауыс берілген сұрақтар деген не үшін тұр онда?
Менің тағы бір ұсынысым, сұрақтарға дауыс беруді тек осы сайттың білімді , тура деген модератор, редакторлары ғана іске асыру керек.Солардың ғана құқы болуы керек.
+5 дауыс
Ешқандай өзгерту керек емес.Сайт осы қарапайымдылығымен халыққа ұнайды.Өте жақсы сайт осы сайтты ашқан адамдарға көп-көп рахмет!!!!!!!!
+8 дауыс
Бұл сайтқа басынан бастап өзгерту енгізу керек.
1. Тіркелу бөлігіне туған жылы,есімі,майл адрес арқылы тіркелуді енгізу.
2. Тікелей музыка,видео,сурет қоятындай етсе.
3. Сайтта кім отырғанын білетіндей етсе.
+7 дауыс
Пікір жаза отырыңыздар. . .Сайт әкімшілігі осы айтылғандарды ескеретін болар. (e)
+10 дауыс
менім ше Қазір сайтта сөзін басқанда онлайн адамдарды көрсетіп тұр са
+5 дауыс
барлық тілектерге қосылам дегендей жақсы пікірлер айтылыпты, шынында сайтта қанша адам отқанын білумен қатар онлайн отқандарды да білуге болатын болса. Себебі мен өзіме таныс адамдар отса ғана белсенді болып отырам да... Сайт шынында пайдалысына пайдалы, но неге екенін білмейм мен дострымды осы сайтқа қызықтыра алмадым, олардың қызығушылықтары басқа ма әлде мен басқамын ба... но менің достарымның арасында информация іздеп бара жатқан ешқайсы жоқ шындығында... енді сұраққа келер болсам... өзгерту аса қажет деп ойламайм, сайтқа сәл де болса жасыл түс қосса жақсы болар еді, себебі жасыл түс көзге пайдалы! Сайтта белсенді болғым ақ келеді, алайда сабағым тым қиын ақ... қазіргі уақытта ең бірінші міндетім оқу деп білем, сондықтан модератор болып жарытпасам ренжімессіздер. Өз мамандығыма байланысты сұрақтарды барынша жібермеуге тырысам, әрине білгенімше... сайттың басқа сайттан айырмашылығы жан жақтылығынды, әр түрлі тақырыпта материал жинауға болады. Іздегенің алдынан іздемей ақ табылар дегендей! кейбір қолданушылардың ой өрісіне қатты қызығам кейде, өзім білімді адамдарды құрметтеймін, себебі оқыған адам қай жерде болмасын мәдениеттілігін көрсетеді! қиын зачеттарым артта қалды, ендігіде сәл де болса белсенді болам деп ойлаймын!  қайта қайта сұрақтан ауытқып кете берсем без обид!))
+3 дауыс
сұрақтарға орысша аитқанда "подписатся" деген батырма орнату керек деп ойлаймын, жаңа жауап болған кезде сұрақ иесі мен мағанда хабарлап тұратындай:)
Youtube-тағыдай ма?!_  Жақсы ой екен...!
Осындай бар ғо...https://surak.baribar.kz/feed/qa.rss
RSS барлық сұрақтарға емеспе, ал маған өзіме керек сұрақтарға жаңа  жауаптар жазылған кезде хабарлап тұрса жақсы болар ед деп ойлаймын..
+2 дауыс
сайтта мынау минус қойды, мынау плюс қойды, мынау жұлдызша қойды, мынау өңдед,і мынау жасырды,қандай сұрақты іздеді деп барлық жерге жазылып тұрса онда сайттың мәні толықтай кетеді бірде бір сайт көрмегем осындай әр нәрсеге ақталып не істеген ашықтай ашық қолданушыларға көрсетіп қойған мысалғы otvet.mail.ru мен otvety.google.ru алсақ онда мұндай ешқандай сөздерді көрмейсін себебі бәрін ашықтан ашық букіл нәрсені жазып қойсан сайттың тур келбеті де құриды оның бәрі сайттың әкімшілігіне барып тусу керек айтпесе барлық мағұлмат көрініп тұрса бәрі админ модератор сияқты болады ғой
Қорытынды алдағы жаңартулардағы 8ші пункті қолдамаймын ,мені минусты көп қояды деп ойламаңыздар мен барлық сұрақтар мен жауаптарға әрқашанда плюс қоямын егер солай ойласаңыздар алдағы жаңартуда ербол ағамыз осы пункті қосатын болса көресіздер
+3 дауыс
Менің тағы бір ұсынысым бар , сайт шетінен кішкене ғана  терезе түрінде бірер кеңес деп шығып тұрса қалай болады?Мысалы, онда кішкентай кеңестер беріліп тұрады.Мысалы, сайтта кирилл әріптерін қолданыңыз  немесе сұрақ қоймас бұрын іздеу өрісінен іздеп көріңіз деген сияқты.Осындай сияқты кеңестер, әрбір бет жаңарған сайын өзгеріп отырады.Қолданушы қаласа ,жасырып қоятындай болса, болмай ма.
X man, Оңтайлы ұсыныс. Жаңа қолданушыға көмек, кеңес ретінде берілген ұяшық дейсіз ғой. . .құптаймын. Админдер дұрыс деп тапса, қосар ондай функцияны. . . (*)
Админ біреу ғана ғой бұл сайтта.
Қателестім, иә, бір АДМИН. . )
Дұрыс айтасың,Мини-чат ау дим ә??? Айтайын дегенің
...