+3 дауыс
463 көрілді
Қалалық тасмалдаушы автобус жүргізушісi  жол үстінде яғни жұмыс барысында темекі шегуге құқығы бар ма?  Салонда адамдар толы.  Мен қала тұрғыны Север мкр.дан Колос аялдамасына жеткенше 4, 5 рет темекі тартты. Сол темекі тутiнiнен мен құса жаздадым. Мен сияқты жолаушылар қаншама?! Осы дұрыс па?
нельзя күнін көріп жұрғой,жолаушы тасып нанын тауып жүрғой

4 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

336-1 бап: “Жекелеген қоғамдық орындарда темекі тартуға салынған тыйымды бұзушылық”. Бұл бап үш бөлімнен тұрады. 

     1 бөлім: ҚР Заңнамасында бекітілген темекі тартуға тыйым салуға байланысты жекелеген қоғамдық орындарда темекі тартқан адам үшін 1 айлық есептік айыппұл салынады.

     2 бөлім: Бірінші бөлімде қарастырылған іс-әрекет екінші рет қайталанса, ондай адамға 2-ден 5 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады. ҚР-дың “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” Заңына сәйкес (Оған 2009 жылдың 18 қыркүйегінде ҚР Президенті қол қойып, аталған Заң 2009 жылдың 9 қазаны күні заңды күшіне енген болатын): “Темекі тарту мен алькоголизмнің алдын алу және оларға шектеу қою”  атты 159-баптың 5 тармағы бойынша темекі тартуға:

білім беру ұйымдарында, сондай-ақ, жасы кәмелетке толмағандар демалатын ұйымдарда;

қоғамдық тамақтану орындарында;

кинотеатрлар мен театрларда, цирктер мен концерттік, көрермендік және көрме залдарында, жаппай демалуға арналған спорттық ареналар мен басқа да үсті жабық құрылыстарда, соның ішінде түнгі клубтар мен дискотекаларда;

мұражайлар мен кітапханаларда және дәрісханаларда;

жергілікті және алыс қашықтыққа жүретін пойыздарда белгіленбеген жерлерде, әуе ұшақтары мен теңіз және өзен транспорттарында, сондай-ақ, қалалақ, қалааралық автобустар мен маршруттық таксилерде, қалалық электрлі транспорттарда;

әуежайлар мен темір жол, автомобиль және су жолдары вокзалдары ғимараттарында;

мемлекеттік органдар мен ұйымдарда;

жұмыс орны болып табылатын бөлмелерде;

үйлердің подъездерінде тыйым салынады. Заңнаманың 1 және 2 бөлімдеріне қатысты заңбұзушылық орын алған жағдайда, оған хаттама толтыру, істі қарау және әкімшілік жаза қолдану ішкі істер органдарының құзіретіне беріледі.

+1 дауыс
Темекі шегіп отырғанын видеоға түсіріп алда бопсала ) Салонда темекі шегуге болмайды!!!
0 дауыс

Иә болмайды заң бойынша злой айтқандай, бірақ бізде қоғамдық көлікте жүргізуші темекі шеге береді бірақ көлік терезесін ашып қояды, ондайлар көп үйреніп кеткен адамдар. Оны сотқа бергенмен бәрі тиылып кетуіне күмәнім бар. Сізді түсінем темекі шекпейтін адамға жаман әсерін тигізеді. Қой темекімді шегіп келейін)

0 дауыс
Сіз отырған автобустың үстінен шағым түсіруіңіз керек. Темекі тартуға, телефонмен сөйлесуге болмайды. Темекі шеккенде полицияға арыз жаза аласыз. Бірақ куәгеріңіз болуы тиіс. Соткамен де адам да. Қоғамдық орындарда, көліктерде басқа да орындарда темекі шегуге тиым салынған. Тек арнайы орындарда ғана темекі тартуға болатын. Соңғы шыққан заңда мүлдем тартуға болмайды деп шықты деп жатқан. Нақты емес шығар.

Ұқсас сұрақтар

...