+1 дауыс
28.2k көрілді
Қан тазартудың денсаулыққа пайдасы қандай? Қан ауыстыру, қан тазалау.

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Қан тазарту пайдалы, жалпы тазарту деген жақсы ғой))

Қан тазартудың бірнеше жолы бар, соның бірі плазмафорез. Аппарат арқылы белгілі мөлшерде қанды алып, құрамындағы плазманы жинайды да эрмассаны қайта өзіне салып жібереді.

Бұрын жиі қолданатын, қазір қолданыстан шығып бара жатқан түрі: Верадан 5-10 мл қан алып, оны бұлшық етке (жамбасқа көбіне) салу арқылы тазартады. Сонда бұлшық ет фильтр болады.

Спсис болғанда ертеде шошқаның талағы арқылы қан тазартқан. Қазір де сирек жағдайда пайдаланады. Жас шошқа (торай) талағын алып, оны дереу пайдаланады, Адамның қаны сол талақ арқылы сүзіліп қайда өзіне құйылады. Осы тәсіл арқылы қаншама адамның өмірін сақтап қалған, бірақ бұл қауіпті процедура болғандықтан қазір пайдаланбайды, қазір арнайы фильтр аппараттарынан өткізіп тазалайды. Ондай аппараттан өткізіп қан тазарту 10 мың теңге шамасында. Қан орталықтарында болады. Гломерулонефритпен ауыратындарға тегін жүргізіледі. Себебі бүйректірі өздігінен қан тазарта алмайды..

Жасыл балғын қиярдың қан тазартуға пайдасы көп. Сол сияқты шикі капуста, болгар бұрышы да қан тазартады.

плазмафорез арқылы беттегі безеуді кетіруге болады. Оны қан орталығында тегін жүргізіледі.
Қай жерде ауыстыруға болады Алматыда тұрамын
+2 дауыс

Медицина тілінде қан тазартуды – плазмаферез деп атайды. Плазмаферез – гректің «apheresis» – алып тастау, яғни, адам организмін плазмалардан (қанның, лимфаның сұйық бөлігі) арылту немесе тазарту деген мағынаны білдіреді. Ал адам ағзасындағы иммундық жиынтықтар, улы заттар (токсиндер) мен қарсы денелер (антитела), сондай-ақ, белгісіз аурулардың қоздырғыш ошақтарының барлығы осы плазмада шоғырланады. Аталмыш заттарды плазмамен бірге алып тастау арқылы адам бойындағы қан тазарады.

Үш және бес реткі тазартудан кейін улы заттар шығатын жасушааралық сұйықтар мен жасушалар-дың өздері де тазаратын болады. Әр процедурада адам бойындағы бес литр қанның шамамен 20 пайызы тазаланады.
Нәтижесінде қанның жабысқақтығы азаяды; ішкі органдардың жұмыс істеуі жақсарады; адамның ұйқысы түзеліп, ойлау, есте сақтау қабілеттері арта түседі; иммундық жүйенің қорғаныс белсенділігі артады.

Плазмаферез аллергиялық, аутоиммундық, сонымен қатар ауыр сырқаттан соң және тағы да басқа жағдайларда қолданылады. Плазмаферезге көрсеткішті дәрігер анықтайды.

Плазмаферез арқылы емдеу Өскемендегі бірінші қалалық аурухананың трансфузиология бөлімінде 1998 жылдан бастап қолға алынып, бүгінгі күнге дейін тұрғындарға жемісті қызмет көрсетіп келеді. Оның әр процедурасы бүгінгі күні 5070 (бес мың жетпіс) теңге. Процедура емдеу мекемесі мен емделушінің екеуара келісімшарт арқылы жүзеге асырылатын болады.

Осы уақытқа дейін ем алған адамдар тарапынан емдеуші дәрігерлердің қызметіне, қан тазартудан кейін денсаулықтарына шағымданғандар болған жоқ.

0 дауыс
Пайдасы көп. Денеге жаңа минералдар кіреді.
0 дауыс
ҚАН ТАЗАРТУДЫҢ ПАЙДАСЫ КӨП.ОНЫ АРНАЙЫ МАМАНДАРДАН СҰРАУ ҚАЖЕЕТ
0 дауыс
Қан тазартудың пайдасы көп , егер адамда безеу болса кетеді, жалпы денсаулығыңызды біршама жақсартып, бет жүзіңіздің ажарлана түсуіне септігін тигізеді!
0 дауыс
Менде де сол ойландыратын сұрақ қан ауыстыру (тазарту). Менің проблемам псориаз жарасының шығуы, Ал қан тазарту арқылы бұл мәселелер айына
...