0 дауыс
11.6k көрілді
Рак ауруынан емделіп кетуге бола ма? Болса жолдары қалай? Қандай дәрігерлерге хабарласуға болады.
Рак - (латын-шаян) – эпителий тканінен өсетін қатерлі ісік. Бұл ісік тарамдалып, айналысы шаянның аяғы тәрізді болатындықтан рак шаян деп аталған. Емшек, тері ракты көп тарамданады. Рак деген түсінікке құрылысы мен белгілері әр түрлі бірнеше қатерлі ісік жатады. Рак ісігінің негізгі бөлігі эпителий паренхимасы және көптеген қан тамырлары мен лимфа талшықтары болатын дәнекер ткань болады. Рактың сыртқы пішіні саңырауқұлақ тәрізді асқазан, өңеш, ішек, жатыр органдарының ішіне бітіп, оны бітеп тастауы мүмкін. Жайпақ табақ тәрізді түрі органның
 қабырғасына жайылып тарамданып кетеді. Ісік өсіп жан-жағындағы сау тканьдерді қысады.
Рак ауыруы өте ертеден белгілі болған.
Sorry, what? Сіз сұрақты түсіндіңіз бе өзі?)

9 жауап

0 дауыс
емі бар ашылмай жатыр бірақ!
0 дауыс
Рак болған адамдардың көбісі қайтып жатады...
0 дауыс
Оның түріне байланысты

Не жағдай болсада ауырмай өтейік бәрімізде
0 дауыс
Рак ауруынан емделуге болады 100%хабарласыныз 8
Номер қалдырыңыз. Қай қаладасыз. Немен емдейсіз?
0 дауыс
1-2 стадиясында тири қалу корсеткиши 90-97% , 3 стадия-25-30%. 4 стадияда тек поллиативті көмек ғана көрсете аламыз.
0 дауыс
Ракты түйенің сүті мен нәжісі арқылы емдеуге  болады екен . Ақши деген жерде бар екен сондай емделетін жер 21 күн емдейді екен
0 дауыс
Рак ауруы емделмейді. 1000-нан бір адам ғана емделуі мүмкін. Ісік бір шығып алғаннан кейін, қайта өсуін тоқтатпайды. Сондықтан алдын-ала бәріне дайын болып көндігу керек.
0 дауыс
Стадиясына және этиологиясына байланысты. Медицинада өте көп препараттар мен әдістер жасалуда. Құдай қаласа бұл ауруды да бағындыратын күн ұзақ емес! MiR арқылы емдеу экперимент үстінде)
0 дауыс

Қатерлі ісік неден пайда болады? 

Жалпы, ДДҰ сарапшыларының бағалауы бойынша, 30 пайыз жағдайда қатерлі ісіктің пайда болу қаупін дұрыс тамақтану, белсенді өмір салтын ұстану және шылым шегуден бас тарту есебінен алдын алуға болады. Бұдан бөлек, мамандар теріге ультракүлгін сәулелердің әсерін төмендету мақсатында солярий қабылдау санын азайту керек екендігін айтады. Қәзіргі деректер бойынша өкпе қатерлі ісігінің 35 пайызы темекі шегуден пайда болады. Темекі түтінінің құрамында өте қауіпті зат-бензопирен бар. Күніне 20-30 талын шеккен адамда ол көбейіп, өкпені зақымдайды. Содан ісік туындайды. Бензопирен қуық қатерлі ісігін де тудырады екен. Ал өңеш қатерлі ісігі (оны халқымыз қылтамақ деп атаған) тағамды-шайды, кофені, майлы сорпаны өте ыстық күйінде ішкеннен, қақталған, қуырылған, тұзды, ащы және қатты тамақтарға әуестіктен, тамақты әбден шайнамай жұтудан, күйдірген майды бірнеше рет қолданудан пайда болатын көрінеді. Сүт безіндегі қатерлі ісік әйелдің жыныс мүшесінің созылмалы аурулары, тұқымқуалаушылық, жиі күйзелу мен гормондар деңгейінің бұзылуынан басталады. Осы кеселдің пайда болғаны бірден білінбейтіндіктен көптеген әйелдер ауруын асқындырып алады. Сондықтан әйелдер мүмкін болса сүт бездерін үнемі өзі тексеріп, қандай да болмасын күдік пайда болса маман-дәрігердің тексеруінен жүгінгені жөн.

Қатерлі ісік ауруынан жазылған 23 жастағы кейіпкердің сұхбатын мына сілтемеден оқысаңыз болады. 

Ұқсас сұрақтар

+2 дауыс
8 жауап
0 дауыс
4 жауап
Белгісіз 27.09.2013 Денсаулық сұрақ қойды
...