+1 дауыс
2.3k көрілді
Инженерлік калькулятордың есептік калькулятордан айырмашылығы қандай?

3 жауап

+3 дауыс
Инженерлік калькулятор кәдімгі қарапайым калькуляторға ұқсас, бірақ оның батырмалары көбірек, олардың кейбіреулері 2-3 міндет атқарады.  Бұл калькулятордың көмегімен статистикалық есептеулер жүргізу, тригонометриялық функцияларды, логарифмді, дәреже табуды орындау үшін қолдануға болады....
+1 дауыс

Инженерлік калькулятор кәдімгі қарапайым калькуляторға ұқсас, бірақ оның батырмалары көбірек, олардың кейбіреулері 2-3 міндет атқарады.  Бұл калькулятордың көмегімен статистикалық есептеулер жүргізу, тригонометриялық функцияларды, логарифмді, дәреже табуды орындау үшін қолдануға болады.

Статистикалық есептеулер жүргізуге арналған функционалдық батырмалар:
«Sta» – Статистика терезесін ашады және «Ave», «Sum», «S», «Dat» батырмаларын белсенді (активті) етеді.
«Ave» - Статистика терезесіндегі сандардың орташа мәнін есептейді.
«Sum» - Статистика терезесіндегі сандардың қосындысын есептейді.
«S» - Статистика терезесіндегі сандардың ығыстырылмаған стандартты ауытқуын есептейді (бос дәреже саны (n-1)-ге тең).
«Dat» - Статистика терезесіне бейнеленген сандарды енгізеді
Жоғарыда аталған батырмалардың көмегімен қарапайым статистикалық есептеулер жүргізуге болады. Мысалы, берілген сандардың қосындысын, сандардың квадраттарының қосындысын, арифметикалық орташа мәнді т.с.с. есептеуге болады.
Функционалдық батырмалар:
«sin» - берілген санның синусын есептейді.
«cos» - берілген санның косинусын есептейді.
«tan» - берілген санның тангенсін есептейді.
«x^y» - Х-тің У дәрежесін есептейді.
«x^3» - санның кубын табады.
«x^2» - санның квадратын табады.
«In» - берілген санның натурал логарифмін есептейді.
«Log» - берілген санның ондық логарифмін есептейді.
«pi» - p -дің мәнін шығарады.
Мұнда, тек кейбір функционалдық батырмалардың міндеттері көрсетілген. Инженерлік калькулятордың қарапайым калькулятордан айырмашылығы ауыстырып қосқыш (дөңгелек) және жалауша (төртбұрышты) терезелері бар 
Ауыстырып қосқыш терезенің көмегімен калькулятор олармен жұмыс істейтін санау жүйелері және өлшеу шамалары бекітіледі.
Inv (инверсия) терезесінің көмегімен жалаушаларды қойып, батырмада көрсетілген функцияның кері мәнін есептеуге болады.
Инженерлік калькулятор төрт сану жүйесінде жұмыс істейді: ондық, сегіздік, екілік және оналтылық.
Олардың қажеттісін таңдау үшін төрт батырманың бірін шерту керек, атап айтқанда: Nex (оналтылық), Des (ондық), Oct (сегіздік) Bin (екілік). Егер санды ондық жүйеде теріп, сонан кейін қалған үшеуінің бірінің батырмасын бассаңдар, индикация өрісіндегі ондық сан жаңа жүйеге автоматты түрде аударылады.
Мысалы, ондық санау жүйесінде 585 санын теріп Bin (екілік) батырмасын шертсе, онда индикация өрісінде 10010010001 көрінеді, ал Oct (сегіздік) батырманы шертсе, онда индикация өрісінде 1111 саны көрінеді, одан соң Nex (оналтылық) батырмасын шертсе, 249 саны шығады.
 

Инженерлік калкулятор осындай көпфункциялы есептегіш те, ал қарапайым калькуляторда тек ең маңызды деген арифметикалық амалдар қолданылады. 

M әрпі "Mind" - жад сөзінен шаққан, индекатордағы сандарды жадқа енгізу, шығару, т.б. амалдар осы M әрпінен басталған батырмалар көмегімен орындалады.

Қалған батырмалардың функциясы түсінікті деген ойдамын.

0 дауыс
онда арифметикадан басқа функциялар қосылған!
...