+1 дауыс
824 көрілді


Жасы 18-ге толмаған тұлғалар банктен шот аша алады ма?

8 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Мен жаңа КазКоммерцБанкке қоңырау шалып анықтадым, олардың айтуы бойынша, 18 жасқа толған адам өзі аша алады да, 18 жасқа толмаған бала ата-анасының рұқсатымен, яғни ата-анасы өзінің және баланың жеке құжатымен (туу туралы куәлік, жеке куәлік немесе паспорт) келіп арыз жазып, аштыра алады.

Құны - жеке шот үшін жылына 800 теңге, ал ол шотқа карточка ашсаңыз, http://kaz.kkb.kz/cards/page/TariffsPersonVisaMastercard сілтемесіне өту арқылы белгілі бір карточканы өз еркіңізбен таңдай аласыз. Әр карточканың жеке сипаттамасын сізге менеджер түсіндіріп бере алады.

Сондай-ақ, толығырақ ақпаратты http://kaz.kkb.kz/ сайтынан біле аласыз.

Ақпарат дереккөзі: "КазКоммерцБанк" АҚ, Алматы қ. анықтама бөлімі, телефоны: 8 (8000) 8000 90 (қоңырау шалу барлық Қазақстан аумағы бойынша тегін және өзім қазақ тілінде сапалы ақпарат алдым). Бұл бір банктің ғана шарты, менің ойымша, бұл Ұлттық Банк бекіткен ортақ регламент негізіндегі ереже болуы керек, сондықтан барлық банк ережесі осыған ұқсас деп ойлаймын.
дұрыс емес,он төрт жастан бастап ашша болады заң бойынша
Заңның сілтемесін қайдан оқуға болады екен?
+2 дауыс
ия болады мен 17демін бта банктен степендия алуға аштырдым!!!
+3 дауыс
йа болады,заң бойынша 14 жастан бастап ашша болады,
+1 дауыс
Қазір кез келген азаматымызда ЖСН - ИИН бар. Ол қаржылай операциялар жүргізуге мүмкіндік береді.
+1 дауыс
Қазіргі заманда не жасауға болмайды,ақшасын берде барлығын жасатып ал.
+1 дауыс
18 жасқа толмасаң өзің аша алмайсың
+1 дауыс
Жоғарыда айтылғандай ата-анасы арқылы аштыруға болады. Қазір бәрі дамыды. Карточка аштыруға тапсырысты интернет арқылы беруге де болады.
+1 дауыс
Висадан ашалады!
...