0 дауыс
480 көрілді
Осы сайтқа сұрақты не үшін қоясыз.Балл жинау үшін бе әлде керек нәрсеңді білу үшін бе????

7 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Сұрақты артымызда келе жатқан жас ұрпаққа керек болып қалар деп қоямыз. Балл жинау үшін ешкім қоймайды деп білемін мен дәрежеде тұрған ештене жоқ бастысы жақсы, нақты жауап болса болды. Кейбір қолданушылар сұрақтың жауабын біле тұра қоямыз. Неге деген сұраққа. Кейбір қолданушыларға пайдасы тиіп қалады деген оймен.
өте дұрыс жауап
+6 дауыс
Шын айтайын балл жинауда ойым бар. Бұл сайт ережесіне сай келмейт. Бірақ мен осы сайтқа Ең алғаш кіргенде Көп балл жинаймын деп ойладм. Әрине бұл күлкілі. :D. Ал екіншіден ойымда  жауап таба алмай жүрген сұрақтарды қоямын. Халықтың ойын білген керемет қой.:)
+5 дауыс
Сұрақты жиі қоймаймын, керек сұрақтарды өзім іздестіріп тауып алғанды қалаймын. Жауабы жоқ сұрақтарға, өзім білетін сұрақтарға жауап бергенді қош көремін. Негізі осы сайтта сұрақтар да, жауаптар да көп болғаны дұрыс. Тек, өте жеңіл, "есеп шығарып беріңдер", "қызым еңіретіп тастап кетті", "бір жігіт соңымнан сүмеңдеп жүр" деген сияқты осы сайттың тақырыбына сай келмейтін сұрақтар болмағанын қалаймын. Мындай сұрақтарды қазақ сайттарының форумдарында, сұхбаттарында талқылау керек.
+4 дауыс
Мен сұрағымды мазалаған өмірден кездескен қиын жайттар мен жағдайларымнан қоямын. Себебі пікірлеріңді оқып кішкене де болса сендермен ой бөлісемін.
+2 дауыс
Негізі өзім білмейтін,не болмаса толық мәнін түсіне алмай жүрген сауалдарымды қоямын.Барлық нәрсені білемін дейтін адам бола қоймас,менің де білмейтіндерім өте көп.Нені білмейтінімді де білмейтін кездерім болады.Сайттан,сайт қолданушылары өздеріңнен сондай кездері сұрақ арқылы көмек сұраймын,және оныма қанағаттанарлық жауап алыпта жүрмін.Сайтқа мүше болғалы бері 64 сұрақ қойып,оның 58-не жақсы жауап алыппын,бұл сөзіме дәлел бола алар деп  ойлаймын.Негізгі сұрақтан ауытқысам да жауап беру туралы айта кетейін.Сайттағы мағаналы-ау деген сұрақтарға атсалысып отырамын.Негізгі мақсатым жауабымды дұрыс деп ұққан адамдар титтей де болса пайдасын көрсе өзімді бақытты сезінемін.Кейде қаттырақ жазатын кезім болады,оларды жауап түрінде емес пікір есебінде білдіруге тырысамын.Көп адамдар реніш білдіретін кездер жолығып жатады,оларды түсінемін.Мысалы осы уақытқа дейін 720 жауап жазыппын соның 85-іне жаксы деген белгі қойылыпты,бұл барлық жауаптың 12%-ға ғана жуығы,демек ұнамаған жауаптарым көбірек болғаны шығар.Жауаптың жақсы болуына қойылатын сұрақтың да сапасы көп әсер етеді.Сондықтан Мұңалдың айтқандарына 100% қасыла отырып сайт қолданушыларынан сапалы,өмірімізге маңызды сұрақтарды қойып отырсақ,сайт қоржынында жақсы сұрақтар мен жақсы жауаптар көбейе түсер еді дегім келеді.Ол деген келешек әлемдік желіге жақсы іргетас болар еді,достар.
+5 дауыс
Аса бір қызығушылықпен.............................
0 дауыс
Кейде сұрақты әдейі қоямын.Ешқашан да балл жинау үшін қойып көрмеппін.Кейде интернетте отырып , ерігіп неше түрлі сұрақты қоя бересің, қоя бересің,Халықтың арасында пікір-талас тусын деп.Мысалы, қазақ тілі жайлы.
...