Ондай адам әлемде ілуде біреу-ақ деп ойлаймын.
Жұмысына қоғамдық көлікпен, велосипедпен келетін саяси басшылар болған. Билл Гейтс секілді бар табысының жартысын қайырымдылық қорына аударғандар болған. Бірақ біреудің өмірі үшін өз өмірін шиеленістіретін адамдар жайлы білмейді екенмін.
Қазақстанда адамдардың пиғылы бұзылып тұрған заман ғой, дәл ондай қайырымдылыққа бара қоятын адамдар жоқ. "Патшаның түсі" деген ертегіні оқысаңыздар сонда жылан заманды дәл болжайды ғой, сол секілді бізге де қойдың, түлкінің, қасқырдың заманы орнап жатыр. Абылайдың Самарқанды жаулап аларда көрген түсін естіген болсаңыз, сол түс, міне, өңімізде орындалып жатыр. Ақшаның оңай табылмайтынын сылтау етіп, көшедегі мүгедек қайыршыға да 5-10 теңге қимайтын қазақтар толып жатыр.