+1 дауыс
690 көрілді
Ерікті зейнетақы жарналары төлемінің мөлшері мен кезеңділігі қандай?

2 жауап

+1 дауыс

Ерікті зейнетақы жарналарының (ЕЗЖ) мөлшерлемесі, оларды төлеу тәртібі мен зейнетақы төлемін жасау тәртібі шарт тараптарының келісімі бойынша тағайындалады.

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің 166-бабына сәйкес, өз пайдасына салынатын ЕЗЖ есебінен шарт жасасқан салымшы салықтық шегерімге құқылы. Салықтық шегерім мөлшері салымшының өз пайдасы үшін төлейтін ЕЗЖ сомасына (басқаша айтқанда, өзінің ерікті зейнетақы шотына аударған сомаға салық салынбайды) тең. Салықтық шегерім жасау құқығына ие болу үшін салымшы жұмыс берушіге зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың көшірмесі мен ЕЗЖ төлегенін растайтын құжат тапсыру қажет. #БЖЗҚ

+1 дауыс
Ерікті зейнетақы жарналары

2014 жылғы 1 қыркүйекте БЖЗҚ-дағы ерікті зейнетақы жарналары туралы шарттар саны 40 мыңнан асып түсті. Мұндай шартқа отыру - өзіңіздің зейнетақы капиталыңызды толықтырудың бірден-бір тәсілі. Өз пайдаңыз үшін салатын ерікті зейнетақы жарналары БЖЗҚ-ға аударылу кезінде салық салудан босатылады.  

Ерікті зейнетақы жарналары деген не?

Бұл салымшының өз бастамасы бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы төлемдерін алушының пайдасына салатын ақшасы. Ерікті зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының заңнамасымен және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартпен реттеледі.  

Кім ЕЗЖ салымшысы бола алады және оны кімнің пайдасына сала алады?  

Жеке тұлғалар да заңды тұлғалар да ерікті зейнетақы жарналарының салымшысы бола алады. Бұл ретте салымшы - жеке тұлға жарналарды өз табысының есебінен жеке пайдасына және үшінші тұлғаның (мысалы, табысы аз немесе жұмыс істемейтін туғандары мен жақындары) пайдасына сала алады. Сондай-ақ ЕЗЖ-ны үшінші тұлғалардың пайдасына заңды тұлғалар да (жұмыс берушілер өз қызметкерінің пайдасына) салып отырса болады.

Ерікті зейнетақы жарналарын төлеу үшін салымшы БЖЗҚ-ны және (немесе) ЕЖЗҚ-ны (ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары тиісті лицензия алған кезде) таңдау құқығына ие.

ЕЗЖ төлемінің мөлшері мен кезеңділігі қандай?

Ерікті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі, оларды төлеу тәртібі мен зейнетақы төлемін жасау тәртібі шарт тараптарының келісімі бойынша тағайындалады.

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің 166-бабына сәйкес, өз пайдасына салынатын ЕЗЖ есебінен шарт жасасқан салымшы салықтық шегерімге құқылы. Салықтық шегерім мөлшері салымшының өз пайдасы үшін төлейтін ЕЗЖ сомасына (басқаша айтқанда, өзінің ерікті зейнетақы шотына аударған сомаға салық салынбайды) тең. Салықтық шегерім жасау құқығына ие болу үшін салымшы жұмыс берушіге зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың көшірмесі мен ЕЗЖ төлегенін растайтын құжат тапсыру қажет.

ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты қайда және қалай жасауға болады?

ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа БЖЗҚ офисіне өзіңіз келіп, сенім білдірілген тұлға немесе заңды өкіліңіз арқылы отыруға болады.  

Өз пайдаңыз үшін ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу.   Егер салымшы ЕЗЖ-ны өз пайдасы үшін жүзеге асыруды жоспарласа, онда БЖЗҚ-мен шартқа отыру үшін оған жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа) әкелу қажет.

Үшінші тұлғаның пайдасына ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу.

Үшінші тұлғаның пайдасына ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу үшін салымшы-жеке тұлға мен алушы жеке бастарын куәландыратын құжат (түпнұсқа) тапсырады;

Үшінші тұлғаның пайдасына ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу үшін салымшы-заңды тұлға төмендегідей құжаттарды тапсырады:

мердігерлік шарттың немесе заңды тұлға жарғысы мен мемлекеттік лицензияның (егер салымшының қызметі лицензияланатын болса) нотариат куәландырған көшірмесі;  
заңды тұлғаның анықтамасының немесе мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткендігі туралы куәлігінің БСН көрсетілген, нотариат куәландырған көшірмесі;    
заңды тұлға басшысының тағайындалғандығы туралы құжаттың түпнұсқасы;
заңды тұлға сенімхатының шартқа заңды тұлға атынан қол қою өкілеттігі көрсетілген түпнұсқасы (бар болса);
заңды тұлға атынан шартқа қол қоюға өкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы;
заңды тұлға мердігерлерінің жеке басын куәландыратын құжаттарының заңды тұлға куәландырған көшірмелері (акционерлік қоғамдардың, сондай-ақ шаруашылық серіктестік мүшелерінің тізілімі регистратор арқылы жүзеге асырылатын шаруашылық серіктестік мердігерлерінің құжаттарын қоспағанда);  
заңды тұлғаның банктік деректемелері (бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), банктік сәйкестендіру коды (БСК), жеке сәйкестендіру коды (ЖСК), бенефициар коды (БеК)).

Заңды тұлға мердігерлерінің жеке бастарын куәландыратын құжаттардың көшірмелері оқуға жеңіл, тігілген, нөмірленген және лауазымды тұлғаның қолымен және заңды тұлға мөрімен бекітілген болуы керек.

Алушы жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа) тапсырады.

Кәмелетке толмаған салымшымен (алушымен) шарт жасасу

ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сондай-ақ кәмелетке толмаған азаматтар да отыра алады. Мұндай жағдайда кәмелетке толмаған тұлғаның атынан әрекет жасайтын заңды өкіл төмендегі құжаттарды тапсырады:

14 жасқа дейін:

1) кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігі (түпнұсқа);

2) заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа);

3) ата-анасы жоқ болса: қорғаншылық тағайындалғандығын растайтын құжат (түпнұсқа) – қорғаншы тағайындалғандығы туралы анықтама/қорғаншы куәлігі (егер 10.04.2012ж. дейін берілген болса, жарамды)/баланы патронаттық тәрбиеге беру туралы шарт.

Мұндайда шартқа заңды өкіл қол қояды.

14 жастан 18 жасқа дейін:

Кәмелетке толмаған тұлға шартқа заңды өкіл жазбаша келісім берген соң, өз бетімен отыра алады және төмендегі құжаттарды тапсырады:

1) 14 жастан бастап 16 жасқа дейін – туу туралы куәлік (түпнұсқа);

2) 16 жастан бастап 18 жасқа дейін – жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа) және кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігі (түпнұсқа);   

3) заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа);

4) ата-анасы жоқ болса: қамқоршылық тағайындалғандығын растайтын құжат (түпнұсқа) – қамқоршы тағайындалғандығы туралы анықтама/қамқоршы куәлігі (егер 10.04.2012ж. дейін берілген болса, жарамды)/баланы патронаттық тәрбиеге беру туралы шарт.

Мұндайда шартқа салымшы (алушы) өз қолын қояды, ол шартқа заңды өкілдің фамилиясы мен аты-жөні ашып жазылған қолының қойылуымен расталады.  

2007 жылдың тамызына дейін туылған кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігінде ЖСН болмаған жағдайда, 16 жасқа дейінгі тұлғаларға туу туралы куәлігіне қосымша ретінде ЖСН тіркелгендігі туралы куәліктің түпнұсқасын немесе Қазақстан Республикасының азаматы төлқұжатын тапсыру керек.          

Сенім білдірілген адам арқылы ЕЗЖ шартын жасау

БЖЗҚ офисіне салымшының (алушының) сенім білдірген адамы шарт жасасу үшін келген кезде төмендегі құжаттар тапсырылады:  

1) сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа);

2) сенімхат (түпнұсқа) немесе сенімхаттың нотариат куәландырған көшірмесі;

3) салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі.
...