+1 дауыс
740 көрілді
31 арнадан басталып жатқан  "қауіпті  махаббат" атты сериалына  пікірлеріңіз?  Маған  ұнады!

3 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
~Қауіпті махаббат» телехикаясы – түрік әдебиетінің классикасы, жазушы Керим Надирдің «Құс жолы» романының желісі бойынша түсірілген.

Балаң жігіт Неджат, бөлесі Зюлалға ессіз ғашық болады. Сұлу да еркін, әрі өжет  ару бозбаланы көзіне де ілмейді, тіпті мүмкін болса оны кемсітіп қалуға бар. Әдемі кештердің бірінде Неджат қызға сезімін білдіреді. Алайда, Зюлял жігіттің бұл қылығын күлкіге айналдырып, тіпті бозбаланы елемейтінін дәлелдей түсу үшін,  оның жақын досына тұрмысқа шығады. Ал, Неджат болса жүрек түкпірінде жатқан жанды ұмыту мақсатында, басқа қалаға қоныс аударады.
Жылдар өте береді...
Зюлялдың отбасылық өмірі баянды болмады.  Жарым деп сенген жанның опасыздығын көрген ол, ажырасып кетеді. Тек, осыдан кейін ғана бойжеткен Неджаттың өзіне деген адал махаббатының  бағасын түсінеді. Тіпті, осы жылдар бойы жүрек түбінде бөлесіне деген беймәлім жылылық болғанын сезінеді. Өзін шын пейілімен сүйген Неджатты кезінде елемегеніне өкінеді.
Осы уақытта Неджат әкесін соңғы сапарға аттандыру үшін, туған қаласына келеді. Зюлял мен жігіт зират басында кездеседі. Арада жылдар өтсе де, бойжеткеннің тұрмыс құрғанына қарамастан Неджаттың оған деген сүйіспеншілік сезімі титтей де әлсіремеген еді....

Бірнеше жыл бір-бірінен алыста жүріп, шалыс басып, өмірдің мәнін түсінгеннен кейін ғана сүйген жүректер мәңгілікке қосылады.

 

Түрікше атауы: Samanyolu
Жанры: мелодрама
Жарыққа шыққан жылы: 2009
Елі: Түркия
Басты рөлдерде: Озджан Дениз, Вильдан Атасевер, Хулия Дарджан, Хатидже Аслан, Айча Бингёль, Кенан Эдже


 Аталған фильмді таныс дос қызым көреді...   Түрік сериалдарын-ай. . .)
Тамаша! Керемет!
+3 дауыс
Теледидар қарауға қалай уақыт табасыз?)))))
Жумыстан заңды 3 жылга демалыс  алып  уйде  отырмын,  бакканым  кино, интернет,  уакыт  табуга  тырысам(rofl)
+1 дауыс
Ондай кино көрмеппін. Қарап көрелік. Нешеде басталатынын айта кетсеңіз?
Бурынгы "Махаббат пен жаза" атты кинонын орнына  яғни, сағат 19-00 де
20-00 де емес пе? Сен өзін Атырау, Ақтау, Маңғыстаудан емессін ба???
Атыраудан!
...