+1 дауыс
770 көрілді
Ең жоғарғы жалақы қай өңірде? Жоғарғы жалақыны қай қала төлейді?

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Еліміздің өңірлер арасында ең жоғары жалақы мөлшері Маңғыстау облысында тіркеліпті. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смайылов айтты.

Комитет төрағасының сөзіне сенсек, биылғы маусым айында қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 124 мың 780 теңгені құраған. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстарғанда 13,5 пайызға жоғары көрінеді.

– Астанада орташа жалақы 182 мың теңгені құраса, Алматыда оның мөлшері 156-158 мың теңгеге парапар келеді. Ал ең жоғары жалақы мөлшері Маңғыстау облысына тиесілі, мұндағы көрсеткіш 222 мың теңгені құрайды. Маңғыстаудан сәл артта 221 мың теңгелік көрсеткішпен Атырау облысы келеді, – дейді Ә.Смайылов.

Ал тұрғындары төмен жалақы алатын облыстарға келсек, олардың қатарына Солтүстік Қазақстан (85 мың теңге), Қостанай (92 мың теңге), Алматы (94 мың теңге) және Жамбыл (85 мың теңге) облыстарын қосуға болады.

0 дауыс
Алматы қаласы мен Астана қаласы естуімше
0 дауыс
Бұл жайлы дерек Nur.kz сайтында 07.01.2015 күні шықты.
+1 дауыс
АСТАНА АЛМАТЫ АТЫРАУ МАҢҒЫСТАУ АЛМАТЫ ҚАРАҒАНДЫ АҚТӨБЕ СЕМЕЙ!
...